Қазақстан Қырғызстанға жанармай жібере бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Қырғызстанға жанармай жібере бастайды

Қазақстан Қырғызстанға жанармай жібере бастайды

Қазақстан Қырғызстандық мұнай трейдерлері ақшасын төлеген көлемде дизельдік отын жібере бастаумен бірге Қырғызстанға мазут жіберуге салынған тыйымның күшін жояды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Қазан 2005
  • 452
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, Қазақстан үкімет басшысы Даниал Ахметовтың Қырғызстандық әріптесі Феликс Куловпен кездесуінде осындай уағдаластыққа қол жеткізілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан жағы Қырғызстан Республикасының үкіметі сатып алған шикі мұнайды Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарында өңдеу жөніндегі ұсыныспен келісті. Қырғызстан өңделетін шикі мұнайдың жылдық көлемін айқындауға тиіс. Қазақстан осы көлемде Қырғызстанға квота бөлетін болады. Аталмыш келісімге қол қоюға қатысты барлық мәселелер қазанның аяғына дейін реттеледі деп күтілуде.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, келіссөздер барысында бұған қоса Қырғызстан жағының 2005-жылдың 17-18-қазанында Бішкекте су-энергетикалқ мекемелердің жетекшілерінен құралған жұмыс тобының кеңесін өткізу жөніндегі бастамасы құпталды. Онда Қырғызстандық су электр станцияларының қыс маусымында жіберетін суының көлеміне қатысты мәселе пысықталады. «ҚазТрансГаз» және «ҚырғызГаз» компанияларына проблемаларды шешуге қатысты ұсыныстарды екі жақты үкіметаралық комиссияның қарауына бір айдың ішінде ұсынуға нұсқау берілді.
Екі елдің сыртқы сауда мекемелеріне «Қазақстанға енгізілетін акциздік тауарларға салық салуға бірдей жағдайлар жасау тұрғысында бір айдың ішінде оңтайлы шешімге келу» ұсынылды.
Үкімет басшылары сонымен бірге екі мемлекеттің шекарасында ауылшаруашылығының тауар өндірушілері үшін қолайлы кедендік режимі бар бірнеше көтерме сауда базарын құруға келісті.

Перейти к новостям спорта