Қазақстан Қырғызстанмен бірлесіп пайдаланатын трансшекаралық өзендердің су объектілерін ұстауға 4 жылдың ішінде $4 млн-нан аса қаржы бағыттады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Қырғызстанмен бірлесіп пайдаланатын трансшекаралық өзендердің су объектілерін ұстауға 4 жылдың ішінде $4 млн-нан аса қаржы бағыттады

Қазақстан Қырғызстанмен бірлесіп пайдаланатын трансшекаралық өзендердің су объектілерін ұстауға 4 жылдың ішінде $4 млн-нан аса қаржы бағыттады

Қазақстан Қырғызстанмен бірлесіп пайдаланатын Шу және Талас трансшекаралық өзендерінің су объектілерін ұстауға 2007-2011 жылдары $4 млн-нан аса қаржы бағыттады, деп мәлім етті АШМ су ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы Анарбек Орман.

  • 13 Шiлде 2011
  • 748
Фото - Caravan.kz

«Біз бүгін Қырғыз Республикасымен Шу мен Талас бойынша сапа және су бөлу туралы (келісімдерге — ҚазТАГ) қол қойдық. Бірнеше жыл бойы осы екі өзенді бірлесіп басқарып, олар бойынша бірлесіп жұмыс істеп келеміз. Мемлекетаралық келісімге сәйкес, пайдалануда, жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмек көрсетеміз. 2007 жылдан бүгінгі күнге дейін пайдалану шығындары мен жөндеу жұмыстарын жүргізу шығындарын өтеуге 4 млн 30 мың доллар бағытталды», — деді А. Орман журналистерге сәрсенбі күні Ислам ынтымақтастығы ұйымының су стратегиясын әзірлеу жөніндегі консультациялық топтың екінші отырысы аясында.

Еске сала кетейік, 2000 жылы екі елдің арасында Шу және Талас өзендеріндегі су-шаруашылық құрылыстарын мемлекетаралық пайдалану туралы келісімге қол қойды. Құжатқа сәйкес, тараптар жыл сайын мемлекетаралық пайдаланудағы су-шаруашылық нысандарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету үшін қажет қаржы бөлуде қарастырады.

Қазақстан өзінің халық шаруашылығын судың қажет көлемімен қамтамасыз етіп, өзендердің төменгі жағындағы экологияны қамтамасыз ету үшін қаржы бөледі. Шу және Талас трансшекаралық өзендері Қырғызстанда басталады, осыған байланысты басты гидротехникалық құрылыстар осы елде орналасқан.

Қырғызстанның меншігіндегі мемлекетаралық пайдаланудағы су-шаруашылық құрылыстарға Шу өзеніндегі Орто-Токой су қоймасы, Шудағы Быстровая ГЭС-інен Токмок қаласына дейінгі Шу темір-бетон арналары, Батыс және Шығыс Үлкен Шу арналары құрылыстарымен бірге, Шу өзеніндегі Чумыш гидроторабы, Талас өзеніндегі Киров су қоймасы жатады.

Соңғы жаңалықтар