Жарияланды: 380

Қазақстан Қырғызстаннан электр қуатының импортын шектеуге тиіс, деп есептейді Рау

Қырғызстаннан электр қуатының импортын шектеуге тиіс, деп есептейді индустрия және жаңа технологиялар біріншівице-министріАльберт Рау.

«Қуат көздерінің инвестициялық міндеттемелерін орындауы электр қуатын өткізу көлемдеріне тікелей байланысты. Сонымен бірге, Қырғызстаннан электр қуатының импортын осы жерде Қырғызстан үкіметінің басшылығымен келіссөзде келісілген көлем шеңберінде шектеу керек», - деп мәлім етті ол сейсенбі күні ҚР үкіметінің селекторлық кеңесінде. «Көлем 1 млрд МВт деп келісілген. Бүгінгі күні біз 700 млн-нан аса алып үлгердік. Вегетация кезеңін ескерсек, жаздың күні кем дегенде 550 млн кВт/сағ аламыз. Осыған байланысты KEGOC-тан хаттамалық түрде осы уағдаластықтарды сақтауды өтінеміз», - деді А. Рау ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовқа қаратып айтқан сөзінде. ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда 2010 жылы электр қуатын өндіру көлемі 4,9%-ға артып, 82,3 млрд кВт/сағ құрады, электр қуатын тұтыну 7,3%-ға артып, 83,62 млрд кВт/сағ. құрады. Электр қуатының экспорты 1,5 млрд кВт/сағ (Ресей Федерациясына), импорт – 2,9 млрд кВт/сағ (РФ-дан – 1,3 млрд кВт/сағ, Қырғызстаннан – 1,6 млрд кВт/сағ).

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін