Қазақстан Қырғызстаннан электр қуатының импортын шектеуге тиіс, деп есептейді Рау - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Қырғызстаннан электр қуатының импортын шектеуге тиіс, деп есептейді Рау

Қазақстан Қырғызстаннан электр қуатының импортын шектеуге тиіс, деп есептейді Рау

Қырғызстаннан электр қуатының импортын шектеуге тиіс, деп есептейді индустрия және жаңа технологиялар біріншівице-министріАльберт Рау.

  • 31 Мамыр 2011
  • 369
Фото - Caravan.kz

«Қуат көздерінің инвестициялық міндеттемелерін орындауы электр қуатын өткізу көлемдеріне тікелей байланысты. Сонымен бірге, Қырғызстаннан электр қуатының импортын осы жерде Қырғызстан үкіметінің басшылығымен келіссөзде келісілген көлем шеңберінде шектеу керек», — деп мәлім етті ол сейсенбі күні ҚР үкіметінің селекторлық кеңесінде.

«Көлем 1 млрд МВт деп келісілген. Бүгінгі күні біз 700 млн-нан аса алып үлгердік. Вегетация кезеңін ескерсек, жаздың күні кем дегенде 550 млн кВт/сағ аламыз. Осыған байланысты KEGOC-тан хаттамалық түрде осы уағдаластықтарды сақтауды өтінеміз», — деді А. Рау ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовқа қаратып айтқан сөзінде.

ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда 2010 жылы электр қуатын өндіру көлемі 4,9%-ға артып, 82,3 млрд кВт/сағ құрады, электр қуатын тұтыну 7,3%-ға артып, 83,62 млрд кВт/сағ. құрады. Электр қуатының экспорты 1,5 млрд кВт/сағ (Ресей Федерациясына), импорт – 2,9 млрд кВт/сағ (РФ-дан – 1,3 млрд кВт/сағ, Қырғызстаннан – 1,6 млрд кВт/сағ).

Соңғы жаңалықтар