«Біз Қырғызстаннан импортталатын қуат мөлшерін қырғыз үкіметімен келісімде көрсетілген мөлшерден асырмауымыз керек», — деді А.Рау үкіметтің сейсенбідегі отырысында.
«Келісім бойынша 1 млрд кВт электр энергиясын алуымыз керек болатын. Қазір 700 млн астам энергия алдық, жазда кем дегенде 550 млн кВт аламыз. Сондықтан KEGOC компаниясына осы келісімді сақтауды тапсыруды сұраймыз», — деді А.Рау.