Бұл туралы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Халық Үніне сілтеме жасап.
Мерекеге байланысты 7 және 9 мамырда Қазақстан – Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде азаматтарды, көлік пен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады, – делінген ақпаратта.
Соған байланысты комитет тасымалдаушылардан енгізілген шектеулерді ескеріп, бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.