Қазақстан Ресей арналарынан бас тартып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Ресей арналарынан бас тартып жатыр

Қазақстан Ресей арналарынан бас тартып жатыр

2017 жылдың басында Қазақстанда телеарнаны реформалаудың екінші кезеңі жүзеге асты.

  • 6 Наурыз 2017
  • 540
Фото - Caravan.kz


Өзгертулер мен толықтырулар Қазақстан аумағында таралатын шетелдік теле-радиоканалдарды тіркеуге қатысты болды. Енді Қазақстан аумағында өз өкілеттігін тек өз қаржысына ғана аша алады.

Бұл туралы gosrf.ru хабарлады.

Қазақстанның Азаматтық кодексіне сай, өкілеттілік заңды тұлға болып есептелмейді. Енді шетелдік радиоканаладарды тек қазақстандық заңды тұлға ғана құра алады. Оларға жарғылық капиталдың 20%, ал қалған 80% қазақстандық заңды және жеке тұлғаларға тиесілі болады. Шетелдік теле-радиоканалдар Қазақстан аумағында хабар таратып, жарнамадан түсетін қаржыны басқару үшін қазақстандық ұйым болуы керек. Сәйкесінше телеарна мен радио саясатын шетелдік БАҚ бақыламайды. «Теле-радио саласындағы мемлекеттік реттеу принциптерінде сіздер айтқан Қазақстанның Конституциясы мен БАҚ саласындағы халықаралық міндеттерді орындау принциптері және азаматтардың сөз бостандығы мен ақпаратты таратуға деген құқығы көрсетілмеген. Теле-радио саласындағы саяси пікір алуандылығы қарастылымаған» дейді филология ғылымдарының докторы, БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі ЕҰҚЫ сарапшысы Андрей Рихтер. Андрей Рихтердің ойынша Қазақстанда мемлекеттік БАҚ монополиясына барлық жағдай жасалған. «Қазақстанда мемлекеттің бақылауындағы теле-радио каналдарға заңды шарттар жасалынуда. Алайда Ұлттық теле-радио хабар тарататын каналдар өз қызметін асыра пайдаланбауы үшін ешқандай шектеулер қойылмаған. Жеке операторлар шетелдік арналарды қосу үшін 50% ғана жеңілдік қарастырылған».