Қазақстан Ресей мен Белоруссияға жыл соңына дейін ЖЖМ экспортына тыйым салуға кеңес берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Ресей мен Белоруссияға жыл соңына дейін ЖЖМ экспортына тыйым салуға кеңес берді

Қазақстан Ресей мен Белоруссияға жыл соңына дейін ЖЖМ экспортына тыйым салуға кеңес берді

Қазақстан ЖЖМ экспортына тыйымның мерзімін 2011 жылдың соңына дейін ұзартқанына байланысты Кеден одағына қатысушы басқа елдер – Ресей мен Белоруссияға осындай шара қабылдауға кеңес береді, делінген жұма күні ресми баспасөзде жарияланған ҚР үкіметінің қаулысында.

  • 1 Шiлде 2011
  • 393
Фото - Caravan.kz

«2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімнің 9-бабына және 2009 жылғы 9 маусымдағы Үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік аумақта тауарлардың сыртқы саудасын қозғайтын шарарарды енгізу және қолдану тәртібі туралы келісімнің 8-б­абына сәйкес мұнай өнімдерінің ішкі нарығында мүлдем жетіспеушілікті және бағаның өсуін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:арнайы бензиндерден және тұрмыстық пеш отынынан басқа жеңіл дистилляттарды және өнімдерді, керосинді және газойлдарды әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», — делінген құжатта.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тыйым салудың енгізілгендігі туралы Кеден одағына қатысушы мемлекеттерді, сондай-ақ Кеден одағы комиссиясының Хатшылығын хабардар етсін».

Қаулы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Бұрын хабарланғандай, бұл шара егін орағы кезінде ішкі нарықта мұнай өнімдерінің жетіспеушілігін болдырмау, дизель отынымен қамтамасыз ету және Павлодар МӨЗ-інің жоспарлы жөндеуге жабылауына байланысты қабылданды.

Соңғы жаңалықтар