"Қазақстан Ресейден түбегейлі бас тартты ма?": Ресей басылымдары Қазақстан туралы не жазуда? - kaz.caravan.kz
  • $ 499.51
  • 525.83
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстан Ресейден түбегейлі бас тартты ма?": Ресей басылымдары Қазақстан туралы не жазуда?

"Қазақстан Ресейден түбегейлі бас тартты ма?": Ресей басылымдары Қазақстан туралы не жазуда?

Caravan.kz медиа порталы әр апта сайын Ресей басылымдарына шолу жасап тұрады. 

  • 27 Қараша 2018
  • 158
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz порталы бұл жолы да біздің еліміз туралы жазылған орыс басылымдарының жаңалықтарын барынша жеткізуге тырысты.

Ресейлік қазақтар тарихи отанына неге көшпейді?

Қазақстан этникалык қазақтарға барынша жағдай жасап, оларды тарихи отандарына қуана, қуана қабылдауда.

Бұл туралы “CA-portal” орталықазия порталы жазды.

Бүгінде қазақтар шетелдің 40-тан астам елінде тұрады. Соңғы ақпараттарға сәйкес, Өзбекстанда 1,5 миллион қазақ, Қытайда 1 500 000, Ресейде миллион, Түрікменстанда 100 мың, Монғолияда 80 мың, Қырғызстанда 45 мың адам тұрады. Түркия, Ауғанстан, Иран елдерінде де қазақтар көп тұрады.

Қазіргі таңда Ресейде қазақтар көп. Қазақстанға ең жақын Омбы қаласының қазақтарынан Қазақстанға не себепті көшпейтіні жайлы пікірілерін біліп көрдік.

Сайран, 28 жаста.

  • Мен Ресейде туып, өстім. Осы жер ұнайды, қандай да бір олимпиада болса да Ресей үшін жанкүйер боламын. Қазақстанға тек жұмыс жасау үшін бармасам, былай барғым келмейді. Оның үстіне қазақ тілін үйрену керек, оны үйрену қиын, қазақ тілін үйренуге ешқандай ниетім жоқ.

Әсемгүл, 24 жаста.

  • Мен тарихи отаныма көшуді қатты қалап жүрмін. Қазір анам тоқтатып тұр, ең болмаса тұрмысқа шығып ал, содан кейін барып көш дейді. Анам көшкісі келмейді, ал мен тарихи отаныма баруды армандаймын.

Исмаил, 55 жаста.

  • Жас болғанымда мүмкін ойланар едім, ал қазір жасым біразға келіп қалды. Жалпы Қазақстанға көшуге ниетім жоқ, өйткені Омбы менің туған жерім. Бұл жерде менің ата-бабам тұрған, сол себептен көшкім келмейді.

Ресейде қазақты өлтірген дағыстандық ұсталды

Киров ауданында қылмыс жасаған 18 жастағы дағыстандық азамат ұсталды.

Бұл туралы “IReactor” басылымы жазды.

Жұма, 23 қараша күні Санкт-Петербург қаласының полиция қызметкерлері таксистке тап берген дағыстандықты ұстағанын хабарлады.

Қылмыстық іс 25 қазан күні орын алған. 18 жастағы дағыстандық азамат 23 жастағы таксистке тап берген. Белгілі болғандай таксисттің қазақ ұлтынан және Қазақстан дүниеге келген азамат екені анықталды.

Қазақстан Ресейден түбегейлі бас тартты ма?

Қазақстан Ресейлік тауарлардан жаппай бас тартып жатыр, тіпті біздің ракетадан да бас тартты.

Бұл туралы Гродно 24 басылымы жазды.

Ресей Қазақстан үшін мәртебе ел емес секілді. Бұл жайлы политолог Виктор Алкснис өз пікірін білдірді.

  • Мүмкін расымен Ресей Федерациясы Қазақстан үшін мәртебе емес шығар, дегенмен екі елдің ара-қатынастың бұзылды деген пікірмен келіспеймін. Қазақстанның біздің тауарлардан жаппай бас тартып жатқанына Қазақстан үкіметі емес, экономикалық агенттер кінәлі. Ол агенттер бізде де, Белоруссияда да бар. Бұл мәселелерді сол агенттер шешеді, олар қалай дұрыс дейді барлығы солай болады.

Расымен де бар мәселе экономикалық агентте шығар деген ойдамыз. Қазақстанның Ресейден түбегейлі бас тартпайтынына сенеміз деп жазады басылым.