Қазақстан Ресейлік ауылшаруашылығы техникасын өндірушілерді ынтымақтастыққа шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Ресейлік ауылшаруашылығы техникасын өндірушілерді ынтымақтастыққа шақырады

Қазақстан Ресейлік ауылшаруашылығы техникасын өндірушілерді ынтымақтастыққа шақырады

Ауылшаруашылығы техникасының тапшылығын біз Ресеймен тығыз ынтымақтастық орнату арқылы ғана шеше аламыз. Бүгін, 16-қарашада ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің ауылшаруашлығы техникасын жасау және техникалық саясат департаментінің директоры Мирас Доскенов "Ауылшаруашылық машиналарын жасау саласындағы Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық пен ықпалдастықтың келешегі" тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Қараша 2005
  • 445
Фото - Caravan.kz

М.Доскеновтың айтуынша, қазіргі жағдаймен Қазақстанның ауылшаруашылығы саласында 7-8 мың трактор, 4 мың комбайнға сұраныс туындап отыр. Трактор тапшылығы тауқыметін шешу үшін 73,7 млрд. теңге, комбайндар тапшылығын шешу үшін 62,5 млрд. теңге қажет. Қаржы тапшылығы негізгі өндірістік қорды жаңалауға, соның салдары іспетті әлемдік стандарттарға сәйкес техника өндірісін игеріп іске қосуға мүмкіндік бермей отыр. Сонымен бірге М.Доскеновтың айтуынша, Қазақстанда ауылшаруашылығы машиналарын жасау саласының инженерлік-конструкторлық базасы құрылмаған.

«Бұл тауқыметтердің барлығын біз Ресеймен тығыз ынтымақтасу арқылы ғана шеше аламыз»,- деді М.Доскенов. Департамент басшысы Ресейлік өнім өндірушілерге қазіргі бар зауыттардың негізінде елімізде ауылшаруашылығы техникасына қызмет көрсететін орталықтар ашуды ұсынды.
ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, қазір елімізде 129,4 мың трактор мен 43,8 мың комбайн бар.

Перейти к новостям спорта