Қазақстан ресейлік салыққа байланысты ЕАЭК ұйымына наразылық білдірді - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ресейлік салыққа байланысты ЕАЭК ұйымына наразылық білдірді

Қазақстан ресейлік салыққа байланысты ЕАЭК ұйымына наразылық білдірді

Қазақстан ресейлік жаңа салық ережелеріне байланысты Еуразиялық экономикалық комиссияға наразылық білдірді.

  • 26 Ақпан 2019
  • 23
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Tengrinews.kz порталындағы интернет-конференция барысында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді. Ресейде қосылған құн салығын төлеу ережелері өзгерді. Егер бұрын 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін электронды контентті сататын шетелдік компаниялар үшін бюджетке клиенттер төлесе, қазір бизнесмендердің өздері мұнымен айналысуға мәжбүр. Нәтижесінде салық төлеудегі қиындықтар және залал келтірмеу үшін клиенттермен шарттарды қайта қарау қажеттілігі сияқты едәуір әкімшілік жүктемелер пайда болды.

Айта кетейік, Ресейдегі ҚҚС мөлшерлемесі 2019 жылдан бастап 18-ден 20 пайызға дейін көтерілді. Электронды қызметтер бойынша шетелдіктер қолданатын есептік мөлшерлеме 16,67 пайыз болды. Өз кезегінде қазақстандық Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Еуразиялық экономикалық одақ ережелеріне сәйкес жанама салықтар (ҚҚС сияқты) аумағының жұмыстарды, қызметтерді өткізу орны болып танылатын елдің бюджетінен (кейбір жағдайлардан басқа) алынатынын түсіндірді. Сол мемлекет жанама салықтардың мөлшерлемесін, оларды алу тәртібін және салықтық жеңілдіктерді анықтайды. "Сонымен қатар, қазіргі уақытта қызметтерді жүзеге асыру орнын анықтау барысында қарама-қайшылықтарды болдырмау мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссияға хат (шағым) жіберілді", — деді Сұлтанғазиев.
 

Соңғы жаңалықтар