Қазақстан республиканың өңдеуші саласына сауд бизнесінің белсенді қатысуынан мүдделі - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан республиканың өңдеуші саласына сауд бизнесінің белсенді қатысуынан мүдделі

Қазақстан республиканың өңдеуші саласына сауд бизнесінің белсенді қатысуынан мүдделі

АСТАНА. 22 ақпан. Kazakhstan Today. Кеше Эр-Риядта Қазақстан елшісі Қайтар Лама Шариф Сауд Арабиясы Корольдігінің Сауда-өнеркәсіптік палаталар Кеңесінің бас хатшысы доктор Фадх бен Салех ас-Султанмен кездесті. Ол біздің елдердің шағын және орта бизнесте өзара тиімді ынтымақтастық орнататын зор мүмкіндіктеріміз бар деп айтты. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 22 Ақпан 2007
  • 434
Фото - Caravan.kz

Әңгіме барысында елші Қайрат Лама Шариф Қазақстан жағы сауд бизнесінің еліміздің өңдеуші өнеркәсібі саласына озық технологияларлы тарта отырып, белсендірек қатысуын қалайтынын айтты.

Тараптар бұл мақсаттарға жетудегі ең ұтымды жол деп Астанада көктемде өтеді деп жоспарланған Қазақстан — Сауд Арабиясы іскерлік кеңесінің екінші мәжілісін атады.

Сауд Арабиясы Корольдігінің Сауда-өнеркәсіптік палаталар Кеңесінің құрамында 21 аймақтық сауда-өнеркәсіптік палата мен Корольдіктегі 168 мың компания мен фирмалар кіреді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті