«Қазақстанның қызмет көрсету рыногына қол жеткізу мүмкіндігіне қатысты міндеттемесі қаржылық және телекоммуникациялық қызмет секторларын одан әрі кезең-кезеңмен либерализациялау және Қазақстан нарығына қызмет көрсетуге келген компаниялар үшін ғана шетелдік кәсіби білікті мамандар мен менеджерлерді шақыру шарттарын ырықсыздандыруды көздейді», — деді ол.
«Бұл орайда Қазақстан бір компания шеңберінде шетелдік мамандар мен менеджерлер санын 50 пайызбен шектеуді талап етуде, бұл еңбек нарығын қорғау мен елдің өз мамандарының әлеуетін дамытуға септігін тигізеді», — деді вице-министр.
Өз кезегінде Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов: «біз ДСҰ-ына бізге қадет болған кезде және біз үшін пайдалы шарттар қабылданған жағдайда ғана мүшелікке өтеміз»,- деп мәлімдеді.
«Осы мәселенің төңірегінде әңгіме көп, бізді ұлттық позициядан айрылды деп жүр. Бірақ, мемлекет басшысы біздің алдымызға Қазақстан үшін пайдалы жағдайда ДСҰ-ына мүшелікке өту жөнінде міндет қойған, бұл -аса маңызды. Біздің ұйымға өтуге тиіс уақытымыз деп қызылмен бөле-жара көрсетілген күнтізбеде нақты күн жоқ», -деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті