Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі Бәсекелестікті қорғау агенттігінен елімізде азық-түлік өнімдеріне баға түзу ахуалына талдау жасауды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі Бәсекелестікті қорғау агенттігінен елімізде азық-түлік өнімдеріне баға түзу ахуалына талдау жасауды сұрады

Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі Бәсекелестікті қорғау агенттігінен елімізде азық-түлік өнімдеріне баға түзу ахуалына талдау жасауды сұрады

Астана. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі Бәсекелестікті қорғау агенттігінен елімізде азық-түлік өнімдеріне баға түзу ахуалына талдау жасауды сұрады. Бұл туралы Ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев бүгін мекемеде өткен алқа мәжілісінде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 20 Қараша 2008
  • 635
Фото - Caravan.kz

«Қазір шикізаттың бағасы арзандады, бізде және көрші елде астық пен өсімдік майының бағасы төмендеді, өндірістің маңызды құрамды бөлшегі — жанар-жағармайдың бағасы да арзандады. Бірақ азық-түлік өнімдерінің бағасы өзгерген жоқ, тіпті кейбір облыстарда ол көтеріле түсуде», — деді А. Күрішбаев.

«Осыған байланысты біз Бәсекелестікті қорғау агенттігінен елімізде азық-түлік өнімдеріне баға түзу ахуалына талдау жасауды және әділетсіз бәсекелестік деректерін анықтауды, осындай кәсіпорындарда бағаны төмендетуге шара қолдануды сұрадық. Бұл іске агенттік өз құзыретіне сай кіріседі, ал облыс әкімдерінен осы іске араласып, жергілікті жерлерде шара қолдануды өтінемін. Біз бағаның өсе түсуімен енді келісе алмаймыз. Шикізаттың бағасы арзандағандықтан, өнім де арзандай түсуге тиіс, елімізге әкелініп жатқан импорттық өнімдер де арзандай түсуде «, -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар