Қазақстан Республикасы Елтаңбасының жазуы өзгереді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасы Елтаңбасының жазуы өзгереді

Қазақстан Республикасы Елтаңбасының жазуы өзгереді

Мемлекеттік Елтаңбаның жаңарған нұсқасында QAZAQSTAN деген сөз жазылатын болады.

  • 13 Қыркүйек 2018
  • 53
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР Инвестициялар және даму министрлігі техникалық peттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаққалиев төрағалық еткен Ғылыми-техникалық комиссияның отырысы болды. Отырысқа мемлекеттік елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібек пен «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК-ның басшылары қатысты.

Отырысқа қатысушылар №1 ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы. Техникалық талабы» өзгерістерін қабылдау туралы шешімге келді.

«Осылайша ұлттық стандартқа «Қазақстан» жазуын «QAZAQSTAN» деп латын графикасында жазу туралы өзгеріс енгізілді», — дейді баспасөз хатшысы.

Сондай-ақ, Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарббек Мәлібек әзірлеген мемлекеттік елтаңбаның элементтері мен тарихын және конструкторлық құжаттамасын сипаттайтын әдістемелік нұсқаулыққа сілтеме қосылды. Өзгерістерді дайындау үшін өндіруші мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік елтаңбасының қатысуымен бірқатар отырыс өткен болатын.


Еске сала кетсек, Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдарының кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралған болатын.

Соңғы жаңалықтар