Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі мен Қырғыз Республикасының Жогорку кенеші арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі мен Қырғыз Республикасының Жогорку кенеші арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі мен Қырғыз Республикасының Жогорку кенеші арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Астана. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Палата төрағасы Аслан Мусин бастаған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі делегациясы Қырғызстан Республикасына бір күндік ресми сапары барысында Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі мен Қырғыз Республикасының Жогорку кенеші арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 23 Қыркүйек 2008
  • 775
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Бішкекте мәжіліс төрағасы Қырғызстан Республикасының президенті Құрманбек Бакиевпен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың келешегін дамыту, екі туыс халықтың достық және мәдени байланысын нығайту жөніндегі мәселелер туралы ой қозғады.

Құрманбек Бакиев Қазақстан мен Қырғызстан арасында өзара толықтай түсіністік қалыптасқанын атап өтті. Қазақстан ең басты экономикалық әріптес болып табылады.Үстіміздегі жылы тауар айналымы 30 пайыздан да аса түсті.

Аслан Мусин туысқан екі халық арасындағы ынтымақтастықты қос елдің Президенттерінің өзара байланысы одан әрі нығайта түскенін айтты. Бүгінгі таңда бірлесе қызмет етудің арқасында 400-ден астам бірлескен кәсіпорын құрылды және де жұмыс істеп тұр. Қазақстан кәсіпорындары қырғызстандықтар үшін 8 мыңнан астам жұмыс орындарын ашты.

Бұл сапар 2008 жылғы сәуір айындағы Қырғызстан Республикасының президенті Құрманбек Бакиевтің елімізге жасаған ресми сапарының және екі елдің Жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысының қорытындыларына орай жүзеге асырылды.

Екі ел президенттерінің сол бас қосудағы қол жеткен ерекше жетістігі Қазақстан парламенті ратификациялаған үшінші мемлекеттер азаматтарының шекаралық аудандар шегінде туристік визамен болуын өзара мойындау туралы қазақстан-қырғызстан парламентаралық келісімі болып табылады. Енді Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық кеңесін құру жөніндегі келісім ратификациялану кезегін күтіп жатыр.

2008 жылдың аяғына дейін қырғыз жағымен қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасы тұрғындарының шекаралық аймақтан өту тәртібі туралы келісімнің жобасын жасап, мақұлдау мәселесі тұр. Сондай-ақ, Қырғызстан Республикасы азаматтарының Қазақстан аймағында, Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғызстан аймағында тіркеуінің өзара тиімді жолы қарастырылуда.

Мәжіліс төрағасы Аслан Мусиннің Қырғыз Республикасының Жогорку кеңешінің төрағасы Айтыбай Тағаевпен өткізген кездесуінде қос мемлекеттің парламенттері арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері негізгі тақырыпқа айналды.

Кездесуде А.Тағаев екі ел арасындағы қарым-қатынасты үлгі ретінде көрсетуге болатынын жеткізді. Өйткені екі мемлекет арасында саяси, экономикалық, немесе әлеуметтік салада шешілмеген ешқандай мәселе жоқ екенін атады.

Аслан Мусин Қырғыз елінің Қазақстан президентінің Орталық-Азия одағын құру идеясын қолдағанын айтты. Бұл бастама барлық саланың дамуына серпіліс беретіні анық. Екі мемлекет арасындағы сауда айналымы 300 млн АҚШ долларынан арта түсті. Қырғыз экономикасына келіп жатқан инвестицияның 45 пайызы Қазақстанның үлесінде. Мәжіліс Төрағасы Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі және «Еуропаға жол» бағдарламасы туралы әңгімелеп берді.

Қырғыз парламентінің жетекшісі екі елдің ынтымақтастығын дамытуға бағытталған бірқатар келісімдерді заң түрінде бекіткені үшін қазақстандық тарапқа алғысын білдірді. Аслан Мусин Қырғыз парламентінің төрағасын Астанаға шақырды.

Екі жақты кездесудің қорытындысы ретінде Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі мен Қырғыз Республикасының Жогорку кенеші арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Кездесуден кейін мәжіліс төрағасы Аслан Мусин журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Сапар барысында мәжіліс төрағасы Қазақстанның Қырғызстан Республикасындағы елшілігінде болды және «Ата-Бейіт» тарихи-мемориалдық кешеніндегі жазушы Шыңғыс Айтматовтың зиратына зиярат етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар