Қазақстан Республикасы парламенті сенаты депутаттығына кандидат ретінде 50 адам тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасы парламенті сенаты депутаттығына кандидат ретінде 50 адам тіркелді

Қазақстан Республикасы парламенті сенаты депутаттығына кандидат ретінде 50 адам тіркелді

Астана. 16 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы парламенті сенаты депутаттығына кандидат ретінде 50 адам тіркелді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов бүгін үміткерлерді тіркеу нәтижелеріне арналған отырыста мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 16 Қыркүйек 2008
  • 507
Фото - Caravan.kz

Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша облыстық, Астана мен Алматы қалалық сайлау комиссиялары ұсынылған 88 кандидаттың 50-ін Қазақстан Республикасы парламенті сенаты депутаттығына кандидат ретінде тіркеген.

Ең көп үміткерлер саны Астана қаласында тіркелген — 5 адам. Атырау, Жамбыл және Қызылорда облыстарында — 4 кандидаттан, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облысында мен Алматы қаласында — 3, Алматы, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында — 2 кандидаттан тіркелген.

Орта есеппен алғанда бір депутапттық мандатқа бәселелестік 3 адамнан келеді. Тіркелген кандидаттардың 3-і әйел. Кандидаттардың орта жасы — 53 жас.

Кандидаттардың ішінде 24 инженер, 9 экономист, 3 заңгер, 2 саясаттанушы, 12 басқа мамандық иелері бар.

Қызметтері бойынша: парламент сенатының қазіргі депутаттары — 7, мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері — 24, коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері — 17, зейнеткер — 1.

Партияға қатыстылығы бойынша: 21 кандидат — «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының, 1 кандидат — «Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясының мүшесі, 16 үміткер партияда жоқ, ал 12 кандидат өзінің партияға қатыстылығын көрсетпеген.

Ұсынылған 88 кандидаттардың жетеуі кандидатураларын өз өтініштері бойынша алып тастады, тағы екі кандидат Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарына сәйкес болмауы себепті алынып тасталды. Біреуінің жоғары білімі жоқ та, екіншісі өзі ұсынылған облыста үш жыл толық тұрмаған болып шыққандықтан.

Екі үміткер сенат депутаттығына кандидат ретінде тіркелгеннен кейін кандидатураларын өз өтініштері бойынша алып тастады.

Кандидаттың табысы мен мүлкі жайында декларацияда көрсеткен деректерінің дұрыс болмай шығуы себепті сайлау комиссиясы тағы бір кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жойды.

Тіркеуге қажетті барлық құжаттарды заңмен белгіленген мерзімде тапсырмағаны үшін облыстық, Астана мен Алматы қалалық сайлау комиссиялары ұсынылған 26 кандидатты тіркеуден бас тартты.

14 қыркүйектен бастап барлық тіркелген кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт жұмысына кірісуге мүмкіндіктері бар. Күнтізбелік жоспарға сәйкес ол 2 қазан күнгі сағат 24.00 дейін жүреді.

Сондай-ақ, отырыста Орталық сайлау комиссиясының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері миссиясының 5 халықаралық байқаушысын аккредиттациялау туралы қаулысы қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар