Жарияланды: 510

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің өкімімен ҚР премьер-министрі кеңсесінде бірқатар тағайындаулар жасалды

Астана. 15 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы премьер-министрінің өкімімен ҚР премьер-министрі кеңсесінде бірқатар тағайындаулар жасалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы премьер-министрінің өкімімен Азамат Ыбыраев ҚР премьер-министрінің кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы премьер-министрінің өкімімен Серік Айдарбеков ҚР премьер-министрінің кеңсесі индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін