Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігінде бірқатар тағайындаулар жасалды

Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы президентінің өкімдерімен Ерсұлтан Өтеғұлұлы Бектұрғанов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің мемлекеттік кызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды;

Мирболат Хабиұлы Жақыпов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды;

Ғани Өтенұлы Тілеубеков Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды;

Жомарт Амангелдіұлы Әбиесов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.