Жарияланды: 450

Қазақстан Республикасы сот органдарының Байланыс орталығы құрылды

ҚР сот органдарының Байланыс орталығы 1 қарашадан бастап өз жұмысын бастады.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінен (Жоғарғы Сот аппараты) хабарлады. Байланыс орталығы жұртшылықтың Қазақстан Республикасы сот органдарының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Жоғарғы Сот және Департаментке телефон арқылы хабарласуларын, өтініштерін қабылдау мен өңдеуді жүзеге асыратын жабдықты-бағдарламалық кешен. Байланыс орталығы: 1) Қазақстан Республикасы сот жүйесі қызметінің ақпараттық айқындығы мен ашықтығын; 2) Қазақстан Республикасының сот органдары мен халық арасында өзара байланыстың тиімді жүйесін құруды; 3) сот ісін жүргізуге қатысушылар мен мүдделі тұлғалардың қаралған істер бойынша қабылданған сот актілері туралы, сотқа келіп түскен шағымдарды (өтініштерді) және арыздарды қарау және шешудің нәтижелері мен мерзімдері туралы жедел және шынайы ақпарат алуын қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Жеке азамат, заңды тұлғаның өкілі сыртқы телефон нөмірі арқылы Қазақстан Республикасы сот органдарының Байланыс орталығының мына бірыңғай нөміріне хабарласа алады 8(7127) 747979. Қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында оператор мен телефон шалушының сөздері жазылып алынады. Алдағы ақпарат ұсынылатын тіл анықталғаннан кейін Жүйе азаматқа мынандай таңдау ұсынады: 1) сот актілерін шағым беру мәселелері бойынша анықтамалық ақпарат алу; 2) «Сенім телефоны» қызметіне судьялар мен қызметкерлердің әрекеттеріне мәлімдеме/шағым қалдыру; 3) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Департамент басшылығының жеке қабылдауына жазылу (Жүйе жеке қабылдауға жазылу автоматты режимде жүргізілетінін хабарлайды, ол үшін азамат аты-жөнін, жеке мәліметтерін (қала, байланыс телефон нөмірін), сот ісі немесе тұлғаның қабылдауға жүгінген басқа да мәселелері туралы мәліметті хабарлауы қажет); 4) мемлекеттік сатып алуларға қатысуға сұрақ қою; 5) облыстық соттардың құзыретіндегі сұрақтар бойынша жүгіну (аймақтағы байланыс телефонының нөмірі ұсынылады). Азаматтарды барынша ақпараттандыру, сыбайлас жемқорлық жағдайларына итермелейтін сот ісін жүргізуден тыс қатынастарды, ахуалдарды болдырмау мақсатында Байланыс орталығы арқылы ұсынылатын ақпараттың мынандай көлемі мен шегі қарастырылған: 1) қадағалау тәртібімен істі қайта қарау туралы өтініштің келіп түскен күні туралы мәлімет; 2) істі талап етіп алдыру туралы мәлімет (иә/жоқ, қажет жағдайда өтініш берушіге іс түскеннен кейін алдын ала тыңдау өтетін күн туралы хабарланады); 3) сот тыңдауы болатын күн; 4) өтінішті қарау нәтижесі; 5) істі қарау нәтижесі; 6) сондай-ақ, сот жұмысын ұйымдастыру және сот отырыстарын өткізу тәртібіне қатысты басқа да мәліметтер, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сайтында Сот істері бойынша анықтамалық арқылы сот актілерімен танысу мүмкіндігі туралы түсіндіру және т.б. Алдын ала қарауға түскен өтініштер бойынша ақпарат тек өтініш иесі мен іс бойынша мүдделі тұлғаға ғана беріледі. Жұмыстан тыс уақытта оператор жауабының орнына Жүйе Байланыс орталығы операторының жұмыс кестесі туралы хабарламаны жариялайды. Бұл ретте Жоғарғы Сот пен Департаменттің басшылығына жеке қабылдауға жазылу автоматты түрде жүргізіледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін