«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің хроникасы: оқиғалар мен фактілер (1991-2011 жылдар)» атты анықтамалық-ақпараттық басылым жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің хроникасы: оқиғалар мен фактілер (1991-2011 жылдар)» атты анықтамалық-ақпараттық басылым жарық көрді

«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің хроникасы: оқиғалар мен фактілер (1991-2011 жылдар)» атты анықтамалық-ақпараттық басылым жарық көрді

Бүгін елордадағы ҚР Ұлттық мұрағатында «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің хроникасы: оқиғалар мен фактілер (1991-2011 жылдар)» атты анықтамалық-ақпараттық басылымның таныстырылымы өтті.

  • 13 Сәуiр 2012
  • 938
Фото - Caravan.kz

«Тарих үшін 20 жыл өте қысқа мерзім. Дегенмен Тәуелсіздіктің әрбір жылы Қазақстанның толық бір дәуірі әрі жаңа тарихы. Сондықтан да қазақстан республикасының тәуелсіздігі мен егенмендігі кезеңіндегі тарихи әрбір оқиға назардан тыс қалмауы керек. Сондықтан да ҚР Ұлттық мұрағаты ел Президенті Н.Назарбаевтың басшылығымен жүзеге асырылған сындарлы саясатқа өз үлесін қосу үшін осы басылымды шығарып отыр», — деді ҚР Ұлттық мұрағатының бас директоры Марат Әбсеметов.

Таныстырылым барысында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Мемлекет тарихи институтының, Қазақ мемлекеттік заң университетінің ғалымдары сөз сөйлеп, аталған басылым жайында өздерінің толымды пікірлерін ортаға салды.

Шара соңында жиналған қауым «Ғасыр бұлбұлы — Күләш» атты құжаттық көрмеге саяхат жасады.

Перейти к новостям спорта