Кеше БҰҰ Бас Ассамблеясында Экономикалық және әлеуметтік кеңес құрамына жаңа мүшелер қабылдау жөнінде мәжіліс өтті. Онда еліміз үшін БҰҰ құрамындағы 192 мемлекеттің 187-ы дауыс берді. Сонымен қатар, БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесіне жаңадан 16 мүше ел қабалданды. Олар Алжир, Кабо-Верде, Малави, Сомали, Судан, Индонезия, Ирак, Филиппин, Боливия, Барбадос, Сальвадор, Канада, Люксембург, Нидерланды, Румыния және АҚШ. Ал қарашаның 7-інде тағы да бір ел мүшелікке қабылданбақ. Жалпы ЭӘК құрамында осыған дейін 54 мемлекет болған. Олардың арасындағы 18-і жыл сайын үш жыл мерзімге сайланып отырады. Бұл ұйым БҰҰ-ның 14 арнайы мекемесінің, 10 функционалдық және 5 аймақтық комиссиясының қызметін үйлестірумен айналысады. Сонымен қатар, БҰҰ-ның түрлі ұйымындары мен БҰҰ-на мүше мемлекеттерге тапсырмалар мен ұсыныстар таратып отырады. Кеңес халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, экономикалық және әлеуметтік даму, халықты жұмыспен қамтамасыз етумен айналысады. Кеңесте мемлекеттер географиялық орны жағынан бөлінген. Африка құрылғына 14 орын берілсе, Азияға 11, Шығыс Еуроааға 6, Латын Америкасы мен Кариб жағалауы елдеріне 10, ал Батыс Еуропа мен өзге елдер еншісінде 13 орыннан. БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің кезекті мәжілісі 2007 жылдың 1 қаңтарында өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті