«20-ақпанға дейін Шетелдік инвесторлар кеңесінің үлгісінде жұмыс тобын құрып, шағын бизнеске қатысты, атап айтқанда тарифтік саясат пен салық саясатына қатысты барлық өзекті мәселелерді анықтап көрсетулеріңізді сұраймын»,- деді үкімет басшысы.
Ол сондай-ақ, «Самұрық» холдингі мен «Қазына» қорына бірлесе отырып отандық кәсіпкерлер қатыса алатын инвестициялық жобалар тізімін анықтауды тапсырды. «Атамекен» одағы мен «Қазына», «Самұрық», «Қазагро» ұлттық холдингтері мен даму институттарының арасында өзара ықпалдасу механизмін ойластыру қажет»,- деді үкімет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті