Қазақстан Республикасында экономикалық өсімнің баяулауы жаңа цемент зауытының құрылыс жоспарына әсерін тигізбейді- "Шымкентцемент"АҚ бас директоры - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасында экономикалық өсімнің баяулауы жаңа цемент зауытының құрылыс жоспарына әсерін тигізбейді- "Шымкентцемент"АҚ бас директоры

Қазақстан Республикасында экономикалық өсімнің баяулауы жаңа цемент зауытының құрылыс жоспарына әсерін тигізбейді- "Шымкентцемент"АҚ бас директоры

Шымкент. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасында экономикалық өсімнің баяулауына қарамастан Italcementi Group басшылығы Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа цемент зауыты құрылысын жүргізеді. Бұл туралы кеше "Шымкентцемент"АҚ бас директоры Энтони Макли облыс әкімінің орынбасары Ислам Әбішевпен кездесуі кезінде айтты.

  • 23 Мамыр 2008
  • 611
Фото - Caravan.kz

Э. Макли айтқанындай, жақын уақытта компания Шымкентен 35 шақырым жерде жаңа цемент зауыты құрылысын бастайды, жаңа зауытта цемент шығарылады, ал «өнімді сату және оны қаптарға салу жұмыстары ескі зауытта жасалатын болады. Осында жаңа зауыттан клинкер жеткізіліп отырады». Жоспарланып отырған кәсіпорын мен ескі Шымкент зауыты теміржол тармағымен жалғастырылатын болады.

И. Әбішев Қазақстанның экономикалық өсім қарқынының төмендеп бара жатқандығы кәсіпорын басшылығын алаңдатып, кейін олар осы құрылыс жоспарларын өзгертпей ме деген сауал қойды.

Э. Макли айтқанындай Italcementi Group компаниясының мүддесі мен сұранысы олар үшін аса маңызды және басымды. «Біз ҚР жағдайына көңіл бөлеміз, бірақ біздің тұтынушылардың мүддесіне көп назар аударамыз. Жақын болашақта Italcementi Group компаниясының экономикалық жағдайы жақсарады», — деді Э. Макли.

Шымкентцемент»АҚ бас директоры атап өткеніндей, ол Қазақстанның экономикалық көрсеткіштері күрт төмендеді деп есептемейді. «Біздің маркетологтардың мәліметтері бойынша биылғы жылы біздің өнімге деген сұраныс көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 80 % құрады «, — деді Э. Макли. Ол еске салғанындай, статистикалық мәліметтер бойынша өткен жылы бес қазақ зауытында өндірілген өнім көлемі Қазақстанның цементке деген ішкі сұранысын 60 пайызға қанағаттандырды, ал 40 % импорттық өнім құрады.

«Менің пікірімше, биылғы жылы отандық кәсіпорындар импорттық өнімдерді тартпай -ақ, ішкі нарықты өздері қанағаттандыра алатын болады «, — деді Э. Макли.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті