«Жақын арады ірі электр станцияларына реконструкциялау мен модернизациялау жүргізу қажет. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне «Самұрық» холдингімен бірлесе отырып, электр қуатымен жабдықтаудағы бірінші кезектегі мәселелерді шешуге кірісуге, басымдылықтарын, кезеңдерін, қаржыландыру көзі мен көлемін белгілеуді тапсырамын»,- деді К. Мәсімов.
Ол, «қарқынды өсіп келе жатқан экономика көп электр қуатын талап етеді» деп атап өтті. «Бағалау көрсеткіштері бойынша, 2009 жылы оның тапшылығының нақты қаупі туады»,- деді үкімет басшысы. Сонымен қатар, К. Мәсімов «осы саланың инфрақұрылымы 70 пайызға дерлік ескірген», деді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті