Қазақстан Республикасында оң тізгінді көліктерді қайта жабдықтауға жеті ұйымның құқығы бар - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасында оң тізгінді көліктерді қайта жабдықтауға жеті ұйымның құқығы бар

Қазақстан Республикасында оң тізгінді көліктерді қайта жабдықтауға жеті ұйымның құқығы бар

АСТАНА. 8-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында тізгіні оң жақта орналасқан көліктерді қайта жабдықтауға жеті ұйымның ғана құқығы бар. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ жол полициясы комитетінің төрағасы Өмірзақ Түсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 8 Қаңтар 2007
  • 415
Фото - Caravan.kz

«Қызметтің бұл түріне лицензия берілмейді, бізде Алматы қаласында лайық сертификатын беруге құқылы автокөлік ннституты бар, осының негізінде біз ұйымның қайта жабдықтаумен айналысуына рұқсат беретін куәлік береміз»,- деп түсіндірді Ө. Түсімов. Оның сөзіне сүйенсек, мұндай ұйымдар тек Алматы мен Қарағанды қалаларында ғана жұмыс істеуде.

Ө.Түсімов тізгіні оң жақта орналасқан көліктерді қайта жабдықтау «пайдасы шаш етектен» болатын жаңа бизнес деп санамайды. «Бұл бизнестің ғұмыры қысқа болмақ»,- деді ол, Қазақстанға тізгіні оң жақта орналасқан көліктерді кіргізуге тыйым салу заңдық күшіне енгенін ескерте отырып. Сонымен қатар, Ө. Түсімов қайта жабдықтау көлік құралының қауіпсіздігіне әсер етпейді деп санайды. «Тізгінді қайта орнату барысында көліктің барлық тетіктері ауыстырылады, жаңа қойылатын панельдер стандартқа сәйкестендіріледі»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта