Ережелерге сәйкес, республикалық бюджеттен қайтарымды негізде жергілікті атқарушы билік органдарына бөлінген қаржыға салынған тұрғын үйді сатып алуда басым құқық балалы жас отбасыларға, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік бюджет есебінен күн көретін мекемелердің қызметкерлеріне, сондай-ақ, әлеуметтік саладағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлеріне беріледі.
Ережеде атап көрсетілгеніндей, мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған тұрғын үйді сатып алуға екінші деңгейлі банктерден берілетін ипотекалық несиенің көрсеткіштері мынадай: сыйақы ставкасы бүкіл несие мерзімінде жылдық 10 процент, несие мерзімі — 20 жыл, бастапқы жарна — 10 проценттен кем емес. Сондай-ақ, тұрғын үй құрылысына арналған жинақ ақша жүйесі бойынша алынған тұрғын үй несиесін де қаржы көзі ретінде пайдалануға болады.
Үкімет қаулысы мен ереженің мәтіні бүгін, 3-қыркүйекте ресми баспасөзде жарияланып, бүгіннен бастап күшіне енді.