"Қазақстан Республикасындағы ана мен бала және отбасын қорғауды заңдық қамтамасыз ету" тақырыбында парламенттік тыңдау өткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстан Республикасындағы ана мен бала және отбасын қорғауды заңдық қамтамасыз ету" тақырыбында парламенттік тыңдау өткізілді

"Қазақстан Республикасындағы ана мен бала және отбасын қорғауды заңдық қамтамасыз ету" тақырыбында парламенттік тыңдау өткізілді

Бүгін, 10-қазанда парламенттің қос палатасының Әлеуметтік-мәдени даму комиттері бірлесіп "Қазақстан-2030" Стратегиясында айқындалған ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыру мақсатында "Қазақстан Республикасындағы ана мен бала және отбасын қорғауды заңдық қамтамасыз ету" тақырыбында парламенттік тыңдау өткізді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне сенаттың баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Қазан 2003
  • 3020
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, басқосудың басты мәні қоғам игілігінің іргетасы болып табылатын отбасының беделін көтеру, отбасы-некелік қатынастарды нығайту, дені сау балалардың дүниеге келуі, олардың тағдыры үшін жауапкершілік пен оң демографиялық жағдайға қол жеткізу болып табылады.

Тыңдауға ҚР Президентінің жанындағы Отбасы жєне әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссияның төрайымы Айткүл Самақова, Орталық Азия Университетінің ректоры Мақаш Тәтімов, ҚР көші-қон және демография жөніндегі Агенттігінің төрайымы Алтыншаш Жағанова, Астана қаласының имамы Қалижан Занқоев пен бірқатар ұйымдар мен министрліктердің өкілдері қатысып сөз сөйледі.
Отырыста қоғамымыздың өткір мәселесі ретінде қалып отырған тастанды бала, » баласын тастаушы» ана, отбасындағы зорлық-зомбылықпен күрес, отбасының әлеуметтік-экономикалық, психологиялық жай-күйі туралы жан-жақты айтыла келіп, ипотекалық несиені жас жұбайларға арнап қайта құруды, сондай-ақ, бала санының өсуіне байланысты үйге берілген несиені азайту арқылы ынталандырып, демографиялық ахуалды дұрыстау қажеттігі мен мемлекетіміздегі ананың ролін күшейту ең негізгі нысан болу керектігіне баса назар аударылды.
Жиын соңында қатысушылардың ескертпелерін қоса отырып, ұйымдастырушылар парламенттік тыңдаудың ұсыныстары туралы қаулы қабылдады. Қаулы Елбасының 2003 жылғы 4 сәуірдегі Қазақстан халқына жолдауын негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының үкіметіне отбасы және ана мен баланы әлеуметтік-құқықтық қорғалуының мемлекеттік бағдарламасын, «Ана мен баланы қорғау туралы», «Ана мен баланың жәрдемақылары туралы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау туралы», «Адамның ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы», «Қазақстан Республикасының демографиялық қауіпсіздігі туралы» жаңа заң жобаларын әзірлеуді ұсынды. Бұл туралы тапсырма құжат парламенттің әлеуметтік-мәдени даму комитеттеріне, денсаулық сақтау, білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ақпарат, мәдениет және әділет министрліктеріне, сондай-ақ, көші-қон және демография жөніндегі, туризм және спорт агенттіктеріне, облыстардың, Астана жєне Алматы қалаларының әкімдері мен маслихаттарына жолданды. Онда аталмыш құзыретті мекемелерге ана мен бала денсаулығын қорғау, бала психологиясы бойынша мамандар дайындау, осы саладағы заң базасын жетілдіру, әйелдер арасындағы жұмыссыздық азайту, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларын төлқұжаттандыруды енгізу, жастарды рухани-имандылық тұрғысынан тәрбиелеу, олармен спорттық-бұқаралық жұмысты күшейту, жергілікті бюджеттің жобаларын дайындау кезінде ана мен баланы қорғау бағдарламаларына қаржы көлемін арттыруды басты міндет етіп қою жөнінде тапсырма берілді.

Соңғы жаңалықтар