Қазақстан Республикасындағы білім беру саласын дамытудың 2015-жылға дейінгі тұжырымдамасы үкіметтің таяудағы отырысында талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасындағы білім беру  саласын дамытудың 2015-жылға дейінгі тұжырымдамасы үкіметтің таяудағы отырысында талқыланады

Қазақстан Республикасындағы білім беру саласын дамытудың 2015-жылға дейінгі тұжырымдамасы үкіметтің таяудағы отырысында талқыланады

Бүгін, 20-ақпанда үкіметте өткен кеңесте ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов Қазақстан Республикасындағы білім беру саласын дамытудың 2015-жылға дейінгі тұжырымдамасы үкіметтің таяудағы отырысында талқыланып, ақырғы үлгіде қабылданатынын хабарлады.

  • 20 Ақпан 2004
  • 5057
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, білім беру тұжырымдамасын талқылау қорытындысы бойынша 1,5 мыңнан астам ұсыныстар мен ескертпелер келіп түсті. «Олардың барлығы да нақты іскерлік сипаттағы ұсыныстар. 70 проценттен астамы тұжырымдаманы қолдаса, 30 проценті оған байыпты сын айтқан»,- деді үкімет басшысы. «Тұжырымдама еліміз тұрындары жаппай құптайтындай үлгіде қабылданады»,- деді Д.Ахметов.

Үкімет басшысы «білім беру жүйесіндегі елеулі кемшіліктерге» тоқталды. Атап айтсақ, қазір 58 оқушы 1 компьютерді бөлісіп отырса, мұғалімдердің 28 проценті толық жоғары білім игермеген, мектептердің 48 проценті күрделі жөндеуді талап етеді, еліміз бойынша 3,7 мың мұғалім тапшы.
«Тұжырымдаманы қандай үлгіде қабылдасақ та, оған лайықты материалдық-техникалық база қалыптастыру жағын да жан-жақты талқылайтын боламыз»,- деді ол. «Тұжырымдаманы жүзеге асыруға жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық қамтамасыздығы негіз болмақ»,- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР білім және ғылым министрлігі 2015-жылға дейін білім беру жүйесін дамытуға арналған тұжырымдама жобасын жасап шығарды.
Тұжырымдамада білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін қолданысқа енгізу көзделген. Бұл жүйе білім беру сапасы мен оқытушы-мұғалімдердің жұмысын бағалау көрсеткіштері мен ғылыми-негіздемелі әрі тиімді әдістемелерін жасап қолданысқа енгізуге негізделетін болады.
Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін қолданысқа енгізу білім беру сапасын арттыруға жағдай жасайды деп күтілуде. Осыған байланысты 2004-жылдан бастап мектеп түлектерін жаппай тестілеу түріндегі сыртқы тәуелсіз бағалау, сондай-ақ, екінші курс студенттерін орталықтандырылған тестілеу шарасынан өткізу тәртібін қолданысқа енгізу жоспарланған.
Бұл тұжырымдама осы саладағы заңдар, қаржыландыру жүйесі, білім мазмұны, білім беру жүйесінің құрылымы, білім беру саласын басқару құрылымы, саладағы әлеуметтік және маман даярлау жүйесіне өзгерістер енгізуге арқау болмақ.
Тұжырымдамада бес сатылы оқыту жүйесіне көшу көзделіп отыр, жүйе бастауыш білім- орта білім- орта білімнен кейінгі білім- жоғары білім- жоғары білімнен кейінгі білім деген сатылардан тұрады.
Тұжырымдама жобасына сәйкес, қазақстандық балалар алты жастан бастап мектеп табалдырығын аттайды, толық орта білім игерген жағдайда оқу мерзімі 12 жыл болмақ. Құжат бойынша коллеждерде оқып білім алу — орта білімнен кейінгі білімге саналады. Аталмыш білім ошақтарындағы оқыту технологиясы түбегейлі өзгертілуі тиіс. Алдағы уақытта колледж түлегін бұрынғыдай жоғары оқу орнының бірінші курсына емес, бірден үшінші курсына қабылдау жөніндегі норма қолданысқа енгізіледі деп күтілуде.
Тұжырымдамаға сәйкес, жоғары білімді бакалавриат бағдарламасы арқылы игеруге болады. Ал жоғары білімнен кейінгі саты магистратура мен докторантурада оқып PhD дәрежесін (философия докторы) алуды қамтиды.

Соңғы жаңалықтар