Қазақстан Республикасындағы білім беру саласын дамытудың 2015-жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдау еліміздің білім беру жүйесін Еуропалық және әлемдік жүйеге кіріктіруге мүмкіндік береді - ҚР жоғары оқу орындарының қауымдастығы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасындағы білім беру  саласын дамытудың 2015-жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдау еліміздің білім беру жүйесін Еуропалық және әлемдік жүйеге кіріктіруге мүмкіндік береді - ҚР жоғары оқу орындарының қауымдастығы

Қазақстан Республикасындағы білім беру саласын дамытудың 2015-жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдау еліміздің білім беру жүйесін Еуропалық және әлемдік жүйеге кіріктіруге мүмкіндік береді - ҚР жоғары оқу орындарының қауымдастығы

Қазақстан Республикасындағы білім беру саласын дамытудың 2015-жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдау еліміздің білім беру жүйесін Еуропалық және әлемдік жүйеге кіріктіруге мүмкіндік береді. Бүгін, 14-қаңтарда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР жоғары оқу орындарының қауымдастығы өкілдері осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Қаңтар 2004
  • 1498
Фото - Caravan.kz

ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшановтың атап көрсетуінше, Қазақстан әртүрлі әлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ғылыми жүйелерге біртіндеп біріге бастағандықтан, елімізге игерген білімі халықаралық стандартттарға сай келетін білімдар жаңа мамандар ауадай қажет. Р.Алшанов жария еткен мәліметтерге сәйкес, қазір еліміздегі жоғары білім ошақтарында 650 мыңнан астам адам оқып жатыр. Жоғары оқу орындарының қауымдастығы президентінің айтуынша, бұл сан жыл өткен сайын арта түсуде. Қазір қарапайым жұмысшы мамандықтарының 36 проценті жоғары білімді талап етеді.

Білім беру саласын дамыту жобасы мамандық иелерін жоғары білім ордаларында көп сатылы дайындау принципіне көшуді қарастырады. Тұжырымдамаға сәйкес, жоғары білімді бакалавриат бағдарламасы арқылы игеруге болады. Ал жоғары білімнен кейінгі саты магистрлер мен PhD бағдарламасы аясында докторлар дайындауды қамтиды. Докторлар дайындаудың жаңа бағдарламасын қолданысқа енгізу, мамандардың пікірінше, жоғары ғылыми дәреже беру және оларды дайындау мерзімін әжептәуір қысқартады деп күтілуде.
Р.Алшановтың пікірінше, білім беру саласын дамытудың 2015-жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдау нәтижесінде профильдік министрліктің құзыреті аясындағы кейбір функцияларды республиканың ұлттық жоғары білім ошақтарына беруге мүмкіндік туындайды. Атап айтсақ, ғылыми дәрежелер беру функциясын университеттерге беруге мүмкіндік бар.
Еліміздегі медициналық жоғары білім ошақтары ректорлары кеңесінің төрағасы Талғат Момыновтың айтуынша, «жоғары білім игергендігі туралы дипломдар оңды-солды таратылып, кейде тіпті оны сатып алуға жағдай жасалған кезең келмеске кетті». «Дипломды тер төкпей-ақ алып, сол үшін жаза жүктемей құтылатын кез емес бұл». Оның айтуынша, жоғары білім игергендігі үшін жүктелетін жауапкершілікті мемлекет, жоғары білім ошақтары мен студенттер тең бөлісуі тиіс.
Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Р.Алшановтың айтуынша, жоғары білім беру жүйесіндегі тағы бір жаңалық ретінде оқытудың кредиттік түріне көшуді атауға болады. Студенттер тек жоғары оқу орны мен игеретін мамандықтарын таңдап қана қоймай, оқытушыларды да өздері таңдай алады. «Жоғары білім саласындағы бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін бұл пункттің маңызы айрықша зор»,- деді Р.Алшанов.
Баспасөз мәслихатына қатысушылар ҚР білім және ғылым министрлігінен ұсынылған Қазақстан Республикасындағы білім беру саласын дамытудың 2015-жылға дейінгі тұжырымдамасы «жан-жақты дәйектелгендіктен», ешкім оған қарсылық білдірмейді деп мәлімдеді. «Тұжырымдама жобасымен танысқан кім де болмасын оны қолдап отыр»,- деді Т.Момынов.
Қазір тұжырымдама жобасы республика аймақтарында талқылануда. Осы бағыттағы дөңгелек үстелдер мен кеңестерде қабылданатын барлық ұсыныстар білім және ғылым министрлігінің қарауына беріледі деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар