Облыс топырағына аяғы тие сала Израиль елшісі «Тамшылық суландыру» жобасы жүзеге асырылып жатқан «Раушан» шаруа қожалығында болып жағдаймен танысты. Жобаға Израильдің «Машав» қоры жетекшілік етеді. Сондай-ақ, М.Камхи тағы да осы «Машав» қоры басқаратын «Жылыжайда өсетін көкөністерді суару және қоректендіру» атты жоба жүзеге асырылып жатқан «Шымкент сырасы» ААҚ-ның жылыжайында болды.
Ал түстен кейін дипломат «Содби бизнес инкубаторы» корпоративтік қорында болып, Оңтүстік Қазақстан облыстық іскер әйелдер қауымдастығының мүшелерімен жүздеседі. Сондай-ақ, М.Камхи облыс әкімі Болат Жылқышиевпен кездеседі деп күтілуде.
Кешкісін Израиль елшісі Алматыға келеді.