Қазақстан Республикасындағы Израиль елшісі Оңтүстік Қазақстан облысына келді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасындағы Израиль елшісі Оңтүстік Қазақстан облысына келді

Қазақстан Республикасындағы Израиль елшісі Оңтүстік Қазақстан облысына келді

Бүгін, 7-қарашада Қазақстан Республикасындағы Израиль елшісі Моше Камхи жұмыс бабындағы сапармен Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық сыртқы экономикалық байланыстар басқармасы төрағасының орынбасары Камиль Мақашев хабарлады.

  • 7 Қараша 2003
  • 552
Фото - Caravan.kz

Облыс топырағына аяғы тие сала Израиль елшісі «Тамшылық суландыру» жобасы жүзеге асырылып жатқан «Раушан» шаруа қожалығында болып жағдаймен танысты. Жобаға Израильдің «Машав» қоры жетекшілік етеді. Сондай-ақ, М.Камхи тағы да осы «Машав» қоры басқаратын «Жылыжайда өсетін көкөністерді суару және қоректендіру» атты жоба жүзеге асырылып жатқан «Шымкент сырасы» ААҚ-ның жылыжайында болды.

Ал түстен кейін дипломат «Содби бизнес инкубаторы» корпоративтік қорында болып, Оңтүстік Қазақстан облыстық іскер әйелдер қауымдастығының мүшелерімен жүздеседі. Сондай-ақ, М.Камхи облыс әкімі Болат Жылқышиевпен кездеседі деп күтілуде.
Кешкісін Израиль елшісі Алматыға келеді.

Соңғы жаңалықтар