"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заң жобасы бүкілхалықтық талқылау мақсатымен БАҚ-тарда жарияланады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заң жобасы бүкілхалықтық талқылау мақсатымен БАҚ-тарда жарияланады

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заң жобасы бүкілхалықтық талқылау мақсатымен БАҚ-тарда жарияланады

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң жобасы бүкілхалықтық талқылау мақсатымен БАҚ-тарда жарияланады. Бұл туралы шешім бүгін, 10-маусымда , аталмыш заң жобасын үкімет отырысында бір сағаттан астам талқылаудан кейін қабылданды.

  • 10 Маусым 2003
  • 1715
Фото - Caravan.kz

ҚР әділет министрі Оңалсын Жұмабектовтың айтуынша, заң жобасынан «тіркеуге дейін бір жылдың ішінде қасақана құқық бұзғандығы үшін сот шешімімен әкімшілік жаза жүктеген , сондай-ақ, тіркеуге дейін бір жылдың ішінде жемқорлық әрекеті үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдарды өкілеттілік органдарға кандидат ретінде тіркеуге шектеу қою» жөніндегі талап алып тасталған.

Сонымен бірге, Жұмабеков : » басқа үміткерлермен салыстырғанда , сайлауға қатысушылардың дауысын көбірек жинаған үміткер сайланды деп саналатын дауыс беру қорытындысының салыстырмалы басымдық жүйесі белгіленді»,- деп атап көрсетті.
Сондай-ақ, заң жобасында көрсетілгеніндей, аумақтық округтік сайлау комиссияларын саяси партиялар, жоғары дәрежелі сайлау комиссиялары , жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мекемелері мен азаматтардың ұсынысына сәйкес тиісті мәслихаттар 5 жыл мерзіммен құратын болды.
Осы орайда әділет министрі :»Сайлау комиссиясына әрбір саяси партиядан бір-бір өкілден сайлануы мүмкін, ал учаскелік комиссияларды аудандық және қалалық сайлау комиссиялары құрады»,- деді.
Заң жобасында сондай-ақ, сайлау комиссиясы мүшелерінің мәртебесі белгіленді. «Сайлау комиссиясының барлық мүшелері, аппарат қызметкерлері, аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары өз іс-қызметтерін кәсіби негізде атқарады»,- деді Оңалсын Жұмабеков. Заң жобасында көрсетілгеніндей, отырыста шешім қабылдау барысында қалыптасқан комиссия мүшесінің өзгеше пікірі жоғары сатылы сайлау комиссиясының назарына шұғыл түрде жеткізілуі тиіс. Сайлау комиссияларына комиссия шешімдерімен еркін танысуға мүмкіндік тудыру міндеті жүктеледі ,- деп атап көрсетті әділет министрі. Сонымен бірге, сенімді өкілдер мен бақылаушылардың құқығы , атап айтсақ олардың сайлау учаскесінде болу , көшпелі дауыс беру сауытын бірге жүріп қадағалау, учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының рұқсатымен фото-, аудио-, және бейнетаспаға жазып алу құқықтары дәйектелген.
Заң жобасында шетелдік және халықаралық ұйымдардың бақылаушыларын аккредитациялау мерзімі мен тәртібі белгіленді. Онда көрсету бойынша , шетелдік бақылаушылар дауыс беруге дейінгі 15 күн ішінде аккредитацияланып бітуге тиіс. Бақылаушылар тарапынан ҚР заңдары мен жалпыға ортақ халықаралық құқық нормалары бұзылған жағдайда Орталық сайлау комиссиясы аккредитациялаудан бас тартуға құқылы деді О.Жұмабеков.
Жобада әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік жүктелуі мүмкін құқық бұзушылық әрекеттердің тізімі айқындалды. Сондай-ақ, жобадан бастамашыл топтар институты туралы бап пен үміткерлердің сенімді өкілдерінің санына қойылған шектеу алып тасталды. Заң жобасында сайлауға дайындық және оны өткізу шараларына арнап Орталық Сайлау комиссиясының билігіне республикалық бюджеттен кепілді қаржы бөлу туралы бап қарастырылды.
Сонымен бірге, сайлау кезінде қоғамдық пікірге сауалнама жүргізетін социологтар, тәуелсіз бақылаушылар мен журнаистер іс-қызметін халықаралық ұйымдар, халықаралық қоғамдық бірлестіктер, шетелдік мемлекеттік мекемелер, шетелдік заңды және жеке тұлғалар, және азаматтығы жоқ адамдар тарапынан қаржыландыруға тыйым салынды. Сонымен бірге, депутаттықтан үміткерлерге сайлау қорын құру құқығы берілді, бірақ қайырымдылық көмекті жасырын беруге тыйым салынады.
Заң жобасын талқылау нәтижесінде ҚР үкімет басшысы Иманғали Тасмағамбетовтың ұсынысымен жобаның ортаға салынған үлгісіне екі апта ішінде түзету енгізіліп, содан кейін бүкілхалықтық талқылау мақсатымен БАҚ-тарда жариялау туралы шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар