"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңның жаңа жобасында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының барлық нұсқаулары ескерілді - Орталық сайлау комиссиясы - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңның жаңа жобасында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының барлық нұсқаулары ескерілді - Орталық сайлау комиссиясы

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңның жаңа жобасында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының барлық нұсқаулары ескерілді - Орталық сайлау комиссиясы

Үкіметтен құрылған жұмыс тобы"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңның жаңа жобасында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тарапынан 1999-жылғы сайлаудан кейін айтылған барлық ескертпе- нұсқауларды жерге тастамауға тырысты. Мұндай қадам Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңды сайлау стандарттары жөніндегі Копенгаген келісіміне сәйкестендіру үшін жасалды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева бүгін, 2-шілдеде Алматыда өткен конференцияда хабарлады. Ол бүгін "Қазақстандағы сайлау заңдылығы және сайлау технологиялары : қиындықтар мен даму перспективасы" тақырыбындағы конференцияда сөз сөйлеген болатын.

  • 2 Шiлде 2003
  • 738
Фото - Caravan.kz

Заң жобасында Қазақстандағы саяси партиялар мен Тұрақты Кеңестен келіп түскен ұсыныстар да ескерілді,- деді З.Балиева.

Заң жобасына сәйкес, атқарушы биліктің сайлау барысына тұмсық тығуын азайту үшін ақырғы дауыс санау процессі әкімшілік ғимараттарынан тыс жерде өткізіледі деп көрсетілді. Сондай-ақ, жобада бақылаушының мәртебесі айқындалып, кандидаттардың сенімді өкілдерінің санына қойылған шектеу алып тасталды, бастамашы топтар институты қысқартылды.
Сайлаушылар тізімі ІІМ-нің аумақтық органдарында азаматтарды тіркеу негізінде ғана жасалатын болды. Соның нәтижесінде «бір адам-бір дауыс» принципі сақталады. Соған сәйкес сайлаушылардың қосалқы тізімдері мен тізімнен шығару жөніндегі талондар қысқартылады.
Заң жобасы барлық үміткерлерге сайлау қорын құруға құқық береді. Бұрын мұндай құқыққа тек мәжіліс депутаттығынан үміткерлер ғана ие болып келген болатын. Мәслихат депутаттарын сайлау — салыстырмалы басым дауыс жүйесіне негізделген бір сатылы сайлау түрінде өткізіледі. Әкімшілік жазалар мен жемқорлық үшін жүктеген жаза кандидаттарды тіркеуде шектеу бола алмайды.
Сонымен бірге, заң жобасында дауыс беру процедурасы нақты дәйектелген. Округтік комиссия дауыс санау процедурасын 12 сағатқа сыйғызып бітіруге тиіс. Дауыс берудің ақырғы қорытындысы мәслихат сайлауларында 5-7, ал мәжіліс сайлауында 10 күннің ішінде жариялануы тиіс.