«Соңғы жылдары Қазақстанда бірнеше ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Атап айтсақ, тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жоба ретінде Шығыс Қазақстан облысындағы ұзындығы 184 шақырымдық Ақсу-Дегелең темір жол учаскесін атауға болады. Сондай-ақ, 130 шақырымдық Жаңасемей-Дегелең жол тармағын қалпына келтіру, «Достық» темір жол станциясын дамыту жобалары жүзеге асырылды»,- деді министр. Оның айтуынша, Қазақстан үшін Достық-Алашанькоу шекара өткелегі — негізгі халықаралық транзит нүктесі болып табылады. Қ.Нағманов ортаға салған мәлімет бойынша, былтыр аталмыш шекара өткелегі арқылы 7,5 млн. тонна жүк тасымалданған. Биыл бұл көрсеткіш 9 млн. тоннадан асады. «Достық» станциясын дамыту мақсатына алдағы екі жылда 52 млн. доллар қаржы жұмсау көзделген»,- деді Қ.Нағманов.
Министрдің айтуынша, «Қазақстан аумағы арқылы жүзеге асырылатын транзитті темір жол тасымалының қазіргі ахуалы жылына 9-10 проценттік тұрақты өсім көрсеткішімен сипатталады». Бұл транзитті тасымалдың барлық түріне тән жалпылама ағым. «2003-жылы біз соңғы алты жыл ішінде алғаш рет барлық көлік түрлері бойынша ең жоғары транзитті тасымал көрсеткішіне қол жеткізе алдық»,- деді ол.
Министрдің айтуынша, 2004-2006-жылдарда салаға 1,1 млрд. доллар мөлшерінде инвестиция салу көзделіп отыр. Оның 900 млн. доллары жеке қаржы есебінен, 201 млн. доллары несие қаржысы есебінен шығарылады.
Қ.Нағмановтың айтуынша, бүгінде республикалық кәсіпорындар темір жол көлігі саласын дамытуға қомақты қаржы бөлуде. «Елімізде 20 мыңнан астам вагондар паркі бар, бәсекелестікке қабілетті, жеке меншік тасымалдаушылар пайда болды».