Қазақстан Республикасының 2005 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

2005 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 2294,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы қаңтар-маусымдағыдан 7% артық. Өндіріс көлемі 2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібінде - 8,9%, өңдеу өнеркәсібінде - 5,4%, электр энергиясын, газ бен су өндіруде және бөлуде - 3,2% өсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 11 Шiлде 2005
  • 426
Фото - Caravan.kz

2005 жылғы қаңтар-маусымда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағамен 167,2 млрд. теңгені құрап, 2004 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 4% өсті.

2005 жылғы қаңтар-маусымда жүк тасымалдаудың жалпы көлемі (коммерциялық тасымалдаумен шұғылданатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлер тасымалдаған жүк көлемінің бағасын есепке алғанда) 844,5 млн. тоннаны құрап, 2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,8% өсті.
Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 592,2 млрд. теңгені құрап, 2004 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 10,8% артты.
2005 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі 821,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы қаңтар-маусымдағыдан 1,5 есе жоғары.
2005 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша республикада 218992 заңды тұлға тіркелген, соның ішінде қызметкерлерінің саны 50 адамға дейін -205747. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар — 166603. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың ішінде шағын кәсіпорындар — 154265 құрайды, олардан шағын бизнес субъектілері — 111610.

Перейти к новостям спорта