Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы стандарттардың басым бөлігі қайта қарауды және ДСҰ талаптарына сәйкестендіруді талап етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы стандарттардың басым бөлігі қайта қарауды және ДСҰ талаптарына сәйкестендіруді талап етеді

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы стандарттардың басым бөлігі қайта қарауды және ДСҰ талаптарына сәйкестендіруді талап етеді

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы стандарттардың басым бөлігі қайта қарауды және ДСҰ талаптарына сәйкестендіруді талап етеді. Бұл туралы бүгін, 14-мамырда "Тауар және қызмет түрлерінің экспортын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету" тақырыбындағы парламенттік тыңдауда ҚР ауылшаруашылығы министрінің орынбасары Лилия Мусина хабарлады.

  • 14 Мамыр 2004
  • 3142
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені саласында 2000-нан астам стандарттар мен техникалық шарттар жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына сәйкеспейді»,- деді Л.Мусина.

Оның айтуынша, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы зертханалық тексерулер тәжірибесіне қатысты ахуал тіптен нашар : барлығы 220-ға жуық стандарттар мен техникалық шарттардың 70 проценті 1990-жылға дейін бекітілсе, қалған 30 проценті 2000-жылға дейін қабылданған. «Жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі өнімдерінің халықаралық талапқа сәйкестендірілген бөлігінің үлес салмағы 3 проценттен аспайды. Ал басымдық берілген өнеркәсіп салаларындағы осындай көрсеткіш орта есеппен 25 процент шамасында»,- деді вице-министр.
Сондай-ақ, Л.Мусинаның айтуынша, елімізде ТМД елдерінде құзыры жүретін Мемлекеттік стандарттарға сәйкес өндірілген ауылшаруашылығы өнімдерінң үлес салмағы азайып келеді. «Ауылшарашылығы министрлігінің бюджетінде стандарттарды қайтадан қарауға арналған қаржы жыл сайын қарастырылады, алайда, бұл тұрғыдағы бастама өнім өндірушілер тарапынан көтерілуге тиіс болғанымен, олар белсенділік таныта алмай отыр»,- деді Л.Мусина.
ҚР ауылшаруашылығы министрінің орынбасарының пікірінше, бұл салада сапалық ілгерілеушілікке қол жеткізу үшін Республикалық бюджеттік комиссия мен парламент «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені салаларындағы бәсекелестік қабілетті арттыру» атты жобаны бекітуі қажет. Қазір бұл жобаны ҚР ауылшаруашылығы министрлігі Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесе жасап жатыр. Л.Мусинаның хабарлауынша, аталмыш жобада Қазақстанда шикізат пен өнім сапасын халықаралық стандарт негізінде бағалайтын тәуелсіз зертханалар құруға қаржы бөлу қарастырылған. «Жоба қолдауға ие болған жағдайда 2005-жылдан бастап жүзеге асырылады. Әлемдік нарық есігін айқара ашқан күннің өзінде экспорттық өнімнің сапасына қатысты шектеулер мен түрлі техникалық тосқауылдар сақталатындықтан, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуге ниет білдіріп отырған дәл қазіргі таңда жобаның маңызы зор»,- деді Л.Мусина.

Соңғы жаңалықтар