Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылға дейінгі стратегиясының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылға дейінгі стратегиясының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылға дейінгі стратегиясының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті

Астана. 12 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылға дейінгі стратегиясының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 13 Қараша 2008
  • 1108
Фото - Caravan.kz

Отырыс жұмысына ҚР президенті әкімшілігінің өкілдері, үкімет мүшелері, парламент мәжілісі мен өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Аталған жұмыс тобы ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді даму стратегиясы аясында еліміз дамуының 2020 жылға дейінгі стратегиясын әзірлеу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін құрылған болатын.

Стратегияның әзірленбекші жобасында 2010-шы жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған үзақ мерзімді басымдықтарды іске асыру жөніндегі шараларды жан-жақты қарастыру көзделінген.

Бірінші отырыс барысында жұмыс тобының мүшелері стратегиялық жоспарлау саласындағы халықаралық тәжірибені талқылады, сондай-ақ еліміз дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарын іске асыру барысына алдын-ала баға беру жөніндегі мәліметтерді қарастырды.

Жұмыс тобының мүшелеріне одан әрі талқылау және ұсынысы енгізу үшін әзірленіп жатқан стратегияның тұжырымдамасы құрылымының жобасы ұсынылды.

Стратегия жобасын әзірлеу жөніндегі іс-шаралар жоспарында еліміз дамуының одан арғы моделін анықтау, алдыға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу деңгейі мен кезеңдерін сипаттайтын индикаторлар мен мақсатты көрсеткіштер көрініс тапқан таруларды қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу қарастырылады. Аталған жоспарда сондай-ақ, стратегия жобасын әзірлеуде оны келешекте бизнес құрылымдарымен, ақаматтық қоғам институттарымен және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен талқылау және келісу қарастырылады.

Премьер-министр мемлекеттік жоспарлау көзқарасы тұрғысынан алғанда әзірленіп жатқан құжат — еліміздің жаңа бюджеттік және салық заңнамасының, сондай-ақ нәтижеге бағдарланған бюджеттеудің жаңа қағидаттарын ескере отырып әзірленетін алғашқы ұлттық стратегиялық даму бағдарлама екенін атап көрсетті.

«Сондықтан бұл құжат ұзақ мерзімді жоспарлауға, стратегия еліміз дамуының таяу 10 жылдық басымдықтарын айқындауға мүмкіндік береді және төменгі стратегиялық бағдарламалық құжаттарды әзірлеу үшін негіз бола алады»,- деді Кәрім Мәсімов.

Ол, сондай-ақ, «мемлекеттік жоспарлаудағы жаңаша көзқарасты ескере отырып, стратегия нақты жалпыұлттық идеяға және келесі, өзге мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық жоспарлардың мақсатты индикаторларын, мақсатын, міндетін анықтау үшін база болуы тиіс»,- деп атап өтті.

«Осылайша, стратегия бағдарламалық құжаттардың өзара байланысын қамтамасыз етуі тиіс, нақты стратегиялық нәтижеге қол жеткізуге, құрылымдық реформаны дамытуға және іске асыруға бағытталып, әкімшілік реформаны кіріктіруі қажет», — деп атап өтті К. Мәсімов.

Премьер-министр мемлекеттік органдардың басшыларына ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылға дейінгі стратегиясының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жұмыс кестесі мен іс-шаралар жоспары туралы ұсыныстар мен ескертпелерді енгізу туралы бірқатар тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар