Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымының жай-күйі туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымының жай-күйі туралы

Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымының жай-күйі туралы

Ауыл тұрғындарының тұрмысын қамтамасыз ету жүйесінің нақты бары және оны дамыту, оларды түрлі тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз ету, оларға медициналық көмек көрсету көп жағынан ауылдық елді мекендердің әкімшілік орталықтар мен темір жол стансаларынан қашық болуына байланысты.

  • 23 Маусым 2005
  • 501
Фото - Caravan.kz

Зерттеу нәтижелері бойынша аудан орталығы болып табылатын, облыс орталықтары әкімшіліктерінің тікелей қарамағындағы 124 ауылдық елді мекен облыс орталықтарынан әлдеқайда алыс жатыр, 81 ауылдық елді мекен, немесе 65,3 проценті 60-тан астам шақырым алшақтықта.

Ауыл (село) округтерінің, ауылдардың (селолардың), сондай-ақ тікелей аудан орталықтарының қарамағындағы селолардың 2214 әкімшілік орталықтары ішінен 18,2% ауылдық елді мекен аудан орталықтарынан 20 км-ге дейінгі қашықтықта, 43,0% — 20 және 60 шақырымға дейінгі, ал 38,8% — 60 шақырымнан артық қашықтықта орналасқан.
5009 ауылдық елді мекен үшін ауыл (село) округтарының, кент әкімшіліктерінің орталықтары оларға ең жақын әкімшілік-аумақтық орган болып табылады, олардың 70,7% ауылдық елді мекені 20 шақырым қашықтықта, ал 26,0%-ы 20 және 60 шақырымға дейінгі қашықтықта орналасқан. Округ орталықтарынан 60 және одан көп қашықтықта орналасқан ауылдық елді мекендердің саны 219-дан 164-ке дейін азайды.
Сонымен қатар, ауылдық елді мекендер үшін темір жол стансаларынан өте алыс орналасу да тән құбылыс. Республиканың 39,9% ауылдық елді мекені темір жол стансаларынан 60 шақырымнан артық қашықтықта орналасқан.

Перейти к новостям спорта