Жарияланды: 680

Қазақстан Республикасының «Электрондық үкіметі» порталын қолдануды үйретуге арналған оқыту бағдарламасы іске қосылды – ҚР БАМ

Қазақстан Республикасының «Электрондық үкіметі» порталын қолдануды үйретуге арналған оқыту бағдарламасы іске қосылды, деп ҚР ақпарат және байланыс министрлігі хабарлады.

«Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен халықты электрондық үкіметтің www.egov.kz . порталын қолдануға үйретуде. Жыл соңына дейін мұндай семинарлар еліміздің 80 елді мекенінде өткізіледі және 70000-нан астам қазақстандықтарды оқыту жоспарлануда. Семинар барысында мамандар қатысушыларға электрондық үкімет туралы мәлімет беріп, портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны алу мен қолдану тәртіптерін және электрондық үкімет порталынан мемлекеттік қызмет көрсетулерді алу жолдарын үйретеді. Жалпы оқыту курсы 3 академиялық сабаққа есептелген. Семинар соңында қатысушыларға сертификат беріледі. Егер жұмыс беруші өз қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсетулерді алуда уақыттарын үнемдеуін және озық технологиялық шешімдерді қолданғанын қалайтын болса, өтінім беріп, оқытушыларды өз кеңсесінде семинар немесе презентация өткізуге шақыруларына болады. Кәмелеттік жасқа толған барлық азаматтар, яғни оқыту курсына қатысуға ниет білдірушілер 1414 call- орталығына қоңырау соғып, өтінім бере алады. Қалалық және мобильді телефондардан қоңырау соғу тегін. Естеріңізге салып өтейік, бүгінгі күні электрондық үкімет порталында 70 тен астам электрондық және 2000 ақпараттық қызмет түрлері ұсынылған. Портал арқылы 6 млн астам электрондық анықтама берілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін