Қазақстан Республикасының премьер-министрі Румыния сыртқы істер министрі Лазэр Комэнескумен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 531.96
  • 622.45
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасының премьер-министрі Румыния сыртқы істер министрі Лазэр Комэнескумен кездесті

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Румыния сыртқы істер министрі Лазэр Комэнескумен кездесті

Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Румыния сыртқы істер министрі Лазэр Комэнескумен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 20 Қараша 2008
  • 387
Фото - Caravan.kz

Әңгімелесушілер әлемдік экономиканың ағымдағы жағдайын, сондай-ақ екіжақты өзара іс-қимыл мен қазақстан-румын ынтымақтастығын одан әрі дамытудағы ауқымды мәселелерді талқылады.

Кездесу кезінде Қазақстан мен Румыния арасындағы экономиканың әр түрлі салаларындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру үшін үлкен әлеует бары атап өтілді.

Кездесудің соңында Кәрім Мәсімов экономикалық ынтымақтастықтың үдемелі дамуы қажеттілігі, оның екіжақты қарым-қатынастарға айтарлықтай қарқын беретіндігіне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті