Қазақстан Республикасының президенті Астанадағы бірқатар нысандарды аралап көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасының президенті Астанадағы бірқатар нысандарды аралап көрді

Қазақстан Республикасының президенті Астанадағы бірқатар нысандарды аралап көрді

АСТАНА. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазына" Тұрақты даму қоры"АҚ орналасатын "Қазына тауэр" кеңсе ғимаратын аралап көрді,-деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

  • 14 Желтоқсан 2006
  • 434
Фото - Caravan.kz

«Ғимарат заманауи «саналы үй» концепциясына негізделген. Ол кезегінде біртіндеп «интеллектуалды ғимарат және электронды «Қазына» концепциясына ауыспақ. «Тұрақты даму қоры» АҚ таратқан баспасөз хабарламасында бұл «интеллектуалды ғимарат және «е-Қазына» корпоративті- ақпараттық жүйесі сияқты екі басты элементтен тұрады,-деп көрсетілген.

Интелектуалды ғимарат ғимараттар құрылысы саласында қолданылатын ЕІВ стандарттарына негізделеді,-деп атап көрсетілген құжатта.

Электронды құжат айналымы, ішкі интернет және бизнес процестердің барлығын ақпараттандыруға бағытталған өзге де күрделі ақпарат құралдары сияқты корпоративті «Е-Қазына» ақпарат жүйесін кезең-кезеңімен енгізілмекші,-деп түсіндіреді ведомство баспасөз қызметі.

«Қазына тауэр» кеңсе ғимаратының жалпы аумағы 17,5 мың шаршы метр.

Сонымен қатар, президент желтоқсан айының аяғына дейін қолдануға берілетін тағы да екі нысанды аралады. Олар- Республикалық балалардың реабилитациялық орталығы және Ана мен баланы қорғау Ұлттық ғылыми орталық ғимараттары.

Балалардың реабилитациялық орталығының құрылысы мен медициналық қондырғылар сатып алуға 6,4 млрд теңге жұмсалды. Баспасөз хабарламасында көрсетілгендей, орталықтың 100 пайыз мемлекеттік акциялары қоржынымен шетелдік компанияның қарамағына берілмек. «Орталық балалар мен 1-ден 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды сауықтыру және емдеумен айналысады»,-деп көрсетілген баспасөз хабарламасында.

Ал Ана мен баланы қорғау жөніндегі Ұлттық ғылыми орталығының құрылысы мен медициналық қондырғыларды алуға 22,2 млрд теңге жұмсалған. «Орталық құрамында 260 төсектік акушер-гинекологиялық бөлім және 240 төсектік педиатрлық бөлім бар. Педиатрлық бөлімде амбулаторлық-емханалық бөлімшелер қарастырылған,-деп жазылыпты баспасөз хабарламасында.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта