Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Барак Обаманы АҚШ президентінің сайлауындағы жеңісімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Барак Обаманы АҚШ президентінің сайлауындағы жеңісімен құттықтады

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Барак Обаманы АҚШ президентінің сайлауындағы жеңісімен құттықтады

Астана. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Барак Обаманы АҚШ президентінің сайлауындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 5 Қараша 2008
  • 449
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы өз жолдауында Барак Обаманы Қазақстан Республикасы халқы мен жеке өзінің атынан 2008 жылғы 4 қарашадағы сайлауларда айқын басымдықпен жеңіп, Америка Құрама Штаттарының президенті болып сайлануымен шын жүректен құттықтады.

Жеделхатта атап көрсетілгеніндей, «Ядролық қарусыздану мен қару таратпау ісіндегі ауқымды ынтымақтастықпен басталған мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынастар қазіргі таңда Орталық Азия аймағында тұрақтылық пен демократияның нығаюы үшін аса маңызды стратегиялық әріптестік дәрежесіне көтерілді. Біздің байланыстарымыз Иракты тұрақтандыру мен Ауғанстанды қалпына келтіру бағыттарындағы бірлескен күш-жігерімізбен нығая түсті».

«Қазақстанның 2010 жылы басқаратын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында Құрама Штаттарының елімізге көрсеткен қолдауына біз үлкен ризашылық білдіреміз. Бұл біздің «Демократиялық әріптестік туралы хартияда» көрсетілген принциптерге беріктігімізді көрсетеді»,- делінген онда.

Президенттің құттықтауында атап көрсетілгеніндей, «жеке кәсіпкерлік, инвестициялар және үлкейіп келе жатқан жаһандық нарықтың сұранысын қанағаттандыру үшін энергетикалық ресурстардың қамтамасыз етілуіне колдау көрсетудегі әріптестік қарым-қатынастарымыздың аса маңызды факторы болып табылады. Гуманитарлық салада бізді діни төзімділік пен ұлысаралық келісімнің жалпы дәстүрлері біріктіреді».

«Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы достастық пен өзара сенім негізіндегі әріптестік қарым-қатынастар елдеріміз халықтарының игілігі үшін әрі қарай дамып, нығая беретініне сенім білдіремін. Мүмкіндікті пайдалана отырып, сізге зор денсаулық, жауапты қызметіңізде табыс және Америка Құрама Штаттарының халқына бейбіт емір, игілік және өркендену тілеймін», — делінген Қазақстан президентінің құттықтауында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар