Тұсаукесер рәсіміне Германияның саяси және қоғамдық топ өкілдері, «Болашақ» бағдарламасы бойынша ГФР-да білім алып жатқан қазақстандық студенттер, Қазақстан-германия қоғамының мүшелері шақырылды.
«Менің ойымша, жаңа бас қала өзгерістер нышаны болуы тиіс. Енді, ондаған жылдар өткеннен кейін біз, Астана осы нышанға айналды деп айта аламыз. Бүгінгі күні біз Астананы бас қала ету орасан зор экономикалық және әлеуметтік жаңғыртуды қамтитын маңызды да, серпінді даму жобаларының біріне айналды», — деп Н. Назарбаев кітабының тұсаукесер рәсімінде атап көрсеткен. «Қазақстанның бас қаласын қарқынды дамыту біздің бүкіл еліміздің қарқыны мен даму әлеуетін көрсетеді. Астана — Қазақстанның мақтанышы, ол біздің мемлекетіміздің экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерінің нышаны. Содан да мен елорданы дамыту мәселесіне қашан да көңіл бөлдім және келешекте де ерекше назар аудармақпын», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Хабарламада мәлімделгендей, Президент Қазақстан-германия қоғамының мүшелеріне Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқаны үшін алғысын білдіріп, ГФР-ның мемлекеттік министрі Гернот Эрлерге қазақстан-германия қатынастарын дамытуға қосқан үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті