Жарияланды: 580

Қазақстан Республикасының президенті оралмандардың 2009-2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы жарлыққа қол қойды

Астана. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев оралмандардың 2009-2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы заңына сәйкес қаулы етемін: Қазақстан Республикасының үкіметі ұсынған оралмандардың 2009-2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы әрбір күнтізбелік жылға 20000 отбасы мөлшерінде белгіленсін",- делінген жарлықта. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін