Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшісі мен ЕурАзЭҚ-ның бас хатшысы Қоғамдастық елдерінің өзара интеграциялық ынтымақтастығы туралы мәселені талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшісі мен ЕурАзЭҚ-ның бас хатшысы Қоғамдастық елдерінің өзара интеграциялық ынтымақтастығы туралы мәселені талқылады

Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшісі мен ЕурАзЭҚ-ның бас хатшысы Қоғамдастық елдерінің өзара интеграциялық ынтымақтастығы туралы мәселені талқылады

17-желтоқсанда ЕурАзиялық Экономикалық Қоғамдастығының бас хатшысы Григорий Рапота Мәскеуде жуырда ғана Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшісі болып тағайындалған Қырымбек Көшербаевты қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ЕурАзЭҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Желтоқсан 2003
  • 418
Фото - Caravan.kz

Тараптар егжей-тегжейлі әңгіме барысында Қоғамдастық елдерінің өзара интеграциялық ынтымақтастығы туралы мәселені жан-жақты талқылады. Олар Қоғамдастық аясындағы энергетика, көлік, ауылшаруашылығы және басқа да экономика салаларындағы басымдық берілген мақсат-міндеттерді талқылады.

ЕурАзЭҚ аясындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуда Қазақстанның атқаратын айрықша роліне баса назар аударылды. Қазақстанда жобасы жасалып жүзеге асырыла бастаған индустриялық-инновациялық бағдарлама Қоғамдастық елдерінде үлкен қызығушылық туғызып отыр деді Г.Рапота. Оның атап көрсетуінше, ЕурАзЭҚ аясындағы Қазақстанның серіктестері өз ұлттық бағдарламаларын жасауда экономикалық дамудағы Қазақстанның озық тәжірибесін жан-жақты зерттеуде.
ЕурАзЭҚ-на Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан республикалары қамтылады. Ал Армения, Молдова және Украина елдері Қоғамдастықта бақылаушы мәртебесіне ие.

Соңғы жаңалықтар