Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі елшілігі осы елдің демалыс орындарында демалып жүрген бес Қазақстан азаматын таба алмай жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі елшілігі осы елдің демалыс орындарында демалып жүрген бес Қазақстан азаматын таба алмай жатыр

Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі елшілігі осы елдің демалыс орындарында демалып жүрген бес Қазақстан азаматын таба алмай жатыр

Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі елшілігі осы елдің демалыс орындарында демалып жүрген бес Қазақстан азаматын таба алмай жатыр. Бұл туралы бүгін, 27-желтоқсанда KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 27 Желтоқсан 2004
  • 878
Фото - Caravan.kz

Елшіліктің мәліметі бойынша, Таиланд курорттарында еліміздің 100-ге жуық адамы демалып жатқан. Қазіргі таңда елшілік хабар-ошарсыз кеткен отандастарымызбен байланыс орнатуға талпыныстар жасауда.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қуатты жер сілкінісі салдарынан пайда болған жойқын цунамиден Үндістан, Индонезия, Таиланд және Шри-Ланкада құрбан болғандар саны 13,6 мың адамнан асты. Араларында көптеген шетелдік туристері бар мыңдаған адам із-түзсіз кеткендер санатында.
Ресейдің «Новости» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Индонезияда 4 мың 448 адам қаза тапқан. Олардың басым бөлігі жойқын цунами салдарынан құрбан болды. Суматра аралдарының жағалауында цунамидің биіктігі 5 метрге жеткен. Әсіресе Ачех провинциясының астанасы — Банда -Ачех қаласы ауқымды зардап шегіп, онда 3 мыңдай адам мерт болды.
Қуаты Рихтер өлшемі бойынша 9 баллға жеткен жер сілкінісінің кіндігі Индонезияның Суматра аралына таяу жерге, Малабо қаласынан оңтүстікке қарай 66 шақырымда, Үнді мұхитында 25 шақырымдық тереңдікте тіргелген. Алғашқы жер асты дүмпулері 26-желтоқсан, жексенбіде жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 8-де болған.
Үнді мұхитын бойлай ілгері жылжи отырып, он метр биіктікке дейін көтерілген цунами ТМД елдері арасында кеңінен танымал Таиланд курорты Пхукетке дейін жетті. Белгілі мәлімет бойынша, арал жағалауы мүлдем дерлік күйреді. Таиланд Корольдігінде 392 адам қаза тауып, бес мыңдай адам зардап шеккен.
Еуропа елдерінің үкіметтері жойқын зілзаладан зардап шеккен Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі отандастарының тағдырын анықтау үшін шұғыл шаралар қолданып жатыр. Швеция мемлекеттік телекомпаниясының хабарлауынша, Таиланд курорттарында екі Швеция азаматы қаза тапқан.
Дания сыртқы істер министрлігіне белгілі мәліметтер бойынша, Дания Корольдігінің бір азаматы Таиланд курорты Пхукетте мерт болған.
Ал Германияның ARD телекомпаниясының хабарлауынша, неміс туроператорлары өз туристерін қайтарып алу үшін аймақ елдеріне ұшақтар жібере бастады.
Франция СІМ-нің мәліметі бойынша, Таиланд курорты Пхукетте екі француз азаматы, соның ішінде бір бала құрбан болды.
Италия сыртқы істер министрі Джанфранко Финидің хабарлауынша, зілзала салдарынан кем дегенде 20 Италия азаматы зардап шеккен. 13 адам Таиланд курорты Пхукетте, ал 7 адам Мальдив аралдарында ауруханаға түскен.
Еуроодақ елдерінің билік өкілдері Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне көмек ретінде 3 млн. евро бөлінетінін мәлімдеді. Ресейдің төқтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі де көмек жөнелтті.

Перейти к новостям спорта