«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» атты кітап көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» атты кітап көрмесі ашылды

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» атты кітап көрмесі ашылды

Бүгін Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» атты көркем безендірілген кітап көрмесі ашылды. Ол Қазақстан Республикасының Президенттігінен үміткер Н.Ә.Назарбаевтың қалалық сайлау алдындағы штабының желілік кетесіне сәйкес ұйымдастырылып отыр.

  • 15 Наурыз 2011
  • 2168
Фото - Caravan.kz

Көрменің мақсаты — елімізде Тәуелсіздіктің 20 жылындағы қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті — жаңа тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, елдің бірлігі мен дамуын, оның халықаралық деңгейде танылуын қамтамасыз еткен Елбасының тарихи рөлін көрсету.

Көрмеде Елбасының мектеп кезінен бүгінгі күніне дейінгі барлық жүріп өткен жолдарын айқындайтын кітаптар орын алған.

Көрменің ашылуына Қазақстан Республикасының Президенттігінен үміткер Н.Ә.Назарбаевтың сенім білдірген өкілдері, ҚР-дағы Украин мәдени орталығының төрағасы В.П.Лымаренко, ҚР-дағы Ингуш мәдени орталығының төрағасы С.М.Оздоев, Бостандық ауданының сайлау алдындағы штабы төрағасының орынбасары А.Ж.Төлегенов, сондай-ақ, халықаралық тәуелсіз бақылаушылар қатысты.

«Биыл еліміз Тәуелсіздік алғанына — 20 жыл. Бұл аз уақыт емес. Бірақ көп те емес. Жастардың көбі бұл аралықты біле бермейді. Бірақ сонау қиын-қыстау уақытты біз Н.Ә.Назарбаевтың білімі мен саяси ойының ұтқырлығының кереметтей жемісінің арқасында еңсере алдық. Осы аралықта біз шекарамызды анықтап алдық. Туымыз бен Елтаңбамызды бекіттік. Ескіріп, мүлде техникасыз қалған қалалар қалпына келді. Жаңа тас жол, темір жол, әуежай, су құбырлары қалпына келтірілді. Бұл істелген дүние аз емес. Бірақ, болашақта әлі талай қолға алынатын дүниелер бар. Сондықтан, біз сіздерді Елбасының кондидатурасын қолдауға шақырамыз» — дейді ҚР-дағы Ингуш мәдени орталығының төрағасы С.М.Оздоев.

Перейти к новостям спорта