Жарияланды: 420

Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы жаңа елшісі тағайындалды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы жаңа елшісі тағайындалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі болып Вячеслав Гиззатов тағайындалды. В.Гиззатов 61 жаста. Саратов заң институты мен КСРО СІМ-нің Жоғары мектебін бітірген. Дипломатия саласында 1971-жылдан бері еңбек етеді. 1993-1996-жылдарда Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасарлығына көтерілді. 1996-жылдан бері Ирандағы Қазақстан елшілігін басқарды. Соңғы жылдарда Қазақстанның Германиядағы елшісі болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін