Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.
Қазақстандық дипломат Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж.К.Тоқаевтың атынан құрметті 97 жастағы ардагерге Алғыс хат пен «Барыс» төсбелгісін табыстады, сондай-ақ оған рухтың сергектігін сақтап, денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.
Қазақтың дәстүрлі «дастархан отырысы» барысында Н.Аманжолов дипломаттармен өзінің әскери ерліктері туралы естеліктерімен және бейбітшілік өмірдегі қызықты оқиғаларымен бөлісті. Шығыс Қазақстан облысындағы Қатонқарағай ауданынан майданға 18 жастағы бозбала болып аттанып, Украина мен Польшаны азат етті, Сандомирплацдармын бұзуғақатысты, Одерді алып, Праганы босатты. Соғыстан кейін ол Карпат жанындағы әскери округте қызмет етіп, полковник атағымен зейнеткерлікке шықты. I дәрежелі «Отан соғысының қызыл жұлдызы», I дәрежелі «Богдан Хмельницкий» ордендерімен және 26 медальдармен марапатталды.
Ардагер өзінің саналы өмірін Украинада өткізсе де, олөзінің Отанымен – Қазақстан Республикасымен тығыз байланысын сақтайтынын және Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне деген ел басшылығының қамқорлығын жоғары бағалайтынын атап өтті.